Previous Page  241 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 241 / 400 Next Page
Page Background

241

Әбу Ханифаның фиқһ іліміндегі орны

– Жоқ.

– Үш жүз мың хадис жатқа білсе ше?

– Жоқ.

– Төрт жүз мың хадисті жатқа білсе ше? – дегенде

қолын созып, «Тағы да қос дегендей ишарат жасады»

417

деген.

Әбу Хасан деген ғалым ибн Абдуллаһтан: «Имам

Ахмед ибн Ханбәл қанша хадис білетін еді?» деп

сұрағанда ол: «Алты жүз мың хадис», – деп жауап

берген екен

418

. Бұл мысалдар бізге өте көп хадистерді

біліп, оларды өзара салыстыра отырып, шешім шығара

алу тек ғалымның ісі екендігін ұқтырады.

Қазылық міндетінің жауапкершілігі

Әбу Дәуіттің «Сунан» кітабында Әбу Хұрайрадан

риуаят етілген хадисте Аллаһ елшісі

(саллаллаһу аләйһи уә

сәлләм)

: «Кімде-кім қазылық қызметті қалап, ойындағысы

орындалар болса және берген үкімдерінде әділдігі

әділетсіздігінен басым түссе – жаннаттық. Ал егер

айтқан шешімдерінің әділетсіздігі басым түссе –

тозақтық болады»

419

деген. Қазылық – күрмеуі көп

қиын іс. Әр үкім үлкен парасат-пайымды қажет етеді.

Әйтпесе, елге қиянат жасайды. Ал ақыретте қиянаттың

жазасы ауыр болмақ.

Муслим ибн Иасардан Әбу Хұрайра жеткізген

хадисте: «Аллаһ елшісі

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

: «Кімде-

417

Сонда, 515-б.

418

Әбу Яғла, Идда, 5-т., 1597-б.; Басқа бір деректе Имам Ахмедтің

бір миллион хадис жатқа білгендігі айтылады. Қараңыз: әс-

Суюти,

Тәдрибур-рауи

, Дәрул-хадис, Каир, 2004, 33-б.

419

Әбу Дәуіт,

Сунан,

3575.