Previous Page  236 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 236 / 400 Next Page
Page Background

236

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

апатқа ұрындыруы мүмкін. Құранда бұған қатысты

«Білмесеңдер, білетіндерден сұраңдар»

407

делінген.

3. Умми, яғни, қатардағы жай адам, қарапайым

халық кез келген мәселенің астарына үңіліп, қыр-

сыры мен ішек қырындысына дейін зерттеп-зерделеуге

шамасы жетпейтіндіктен, мәзһаб имамының сөзіне

тоқтауға мәжбүр

408

. Қатардағы қарапайым адам өз

ойларымен емес, білетін адамдардан сұрап, соны-

мен амал етуі қажет. Шын мәнінде, шариғи ілімдірді

терең меңгермеген қарапайым адамдардың мүжтәхид

ғалымдар секілді әр нәрсенің басын бір шалып, жөнсіз

килігуі қоғам қажеттіліктерін өтеуге кері әсерін

тигізеді. Адамдар белгілі бір мамандықпен айналысу-

дан қалады, басқа сала, өнер, мәдениет дамымай, қоғам

дағдарысқа ұшырайды

409

. Иә, әркім өз мамандығын

жете игеруі керек. Бәрінің мүжтәхид дәрежесінде

фиқһтық үкімдерді білуі мүмкін емес. Бұл, әсіресе,

Ислам ілімінде әлі «әліпті таяқ деп білмейтін» біздің

қоғамымызда аяқты аңдап баспасақ, арты жақсылыққа

апармайтын қатерлі қадам.

407

«Нахіл» сүресі, 43-аят

408

Шахристани еңбегінде «Ауамның (қатардағы жай адам) міндеті

мүжтәхидке еліктеу. Өйткені, оның мәзһабы мүжтәхидтің

мәзһабыболмақ» дей келе, кейбір ғалымдардың пайымдауынша

қоғамда алауыздық пен адамдар арасында түсініспеушілік

орын алмау үшін Ханафи мәзһабындағы қарапайым адамның

ханафиларға, шафиғи мәзһабын ұстанатындардың шафиғи

мәзһабын ұстануы қажет екенін айтқандарын тілге тиек етеді.

Шахристани,

әл-Миләл уән-нихал,

190-б.; Қосымша қараңыз:

Мәзһаб туралы таным, 88-91-б.

409

Бәйәнуни, 105-116-б.