231
Әбу Ханифаның фиқһ іліміндегі орны
қағидаларды алып келгенін байқаймыз әдетте. Ал ол
жалпы қағиданы түсінуді де фиқһ мүжтәхидтеріне
қалдырған.
Мысалы: «Әйел кісімен амандасқанымызда немесе
оның тәніне тәніміз жанасқанда, дәрет бұзыла ма?»
деген сұраққа екі имам екі түрлі көзқарас білдірген.
Имам Шафиғидың көзқарасы бойынша әйелдің қолы
немесе бүркелмеген, қымталмаған басқа бір жері
ер кісінің ашық денесіне жанасса, дәрет бұзылады.
Ал Әбу Ханифаның көзқарасы бойынша бұл дәретті
бұзбайды. Екеуінің дәлелі Құрандағы
»الَمَسْتُمُ النِّسَاءَ«
«Ләмәстумун-ниса» «Әйелмен жанассаңдар,
тазаланыңдар»
406
деген аят. Алайда, араб тілінің кең
мағынаны қамтитын өзгешелігіне қарай бір сөздің өзі
бірнеше мән иеленуі мүмкін. Міне, сондай сөздердің
бірі − осы аяттағы «Ламаса» сөзі. Аталмыш аяттың
мағынасын Имам Шафиғи «Дененің ашық жері немесе
қолдың ер кісіге жанасуы» деп, «Ламаса» сөзінің тіке
мағынасын түсінген. Яғни, ер кісі мен әйел затының
бір-біріне мейлі қолы, мейлі басқа жерлері жанасса,
бұл дәретті бұзады деген үкім шығарған. Ал имам
Әбу Ханифа болса, бұл «ламаса» (тиу) сөзі Құранда
аршыған сайын асу-асқары алдыңнан шығатын астарлы
мағынада келген деген пікірде. Сондықтан, «Ламаса»
сөзінің бұл жердегі мағынасын «жыныстық қатынаста
болу» деп тұжырымдаған. Сол себепті, тек тәннің
немесе қолдың жалаңаш жанасуы дәретті бұзбайды
деген. Екі имамның бір аятты екі түрлі түсіндіргені
көрініп тұр. «Ламаса» сөзін біреуі тәннің тәнге жа-
насуы десе, екіншісі жыныстық қатынасқа түсу деп
ұққан. Айтайын дегеніміз, араб тілін терең менгер-
406
«Мәида» сүресі, 6-аят