232
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
ген кез-келген адам сөзімізге арқау болған осынау екі
көзқарастың біреуі дұрыс, екіншісі бұрыс деп кесімді
пікір айта алмайды. Өйткені, бұл аяттың мағынасы
екеуіне де келеді.
Кейбір деректерде Имам Шафиғидің ауылда
туып-өскендігі, ал, Имам Ағзамның қалалық жерде
өмір сүргендігі айтылады. Содан болса керек, Имам
Шафиғидің үкімдері көбінесе ауыл тұрғындары үшін
қолайлы болса, ал Имам Ағзам Әбу Ханифаның
пәтуасы шаһар жұртына ыңғайлы болып келген. Бұл
– өздері өмір сүрген орта мен қалыптасқан ахуалдарға
жауап іздегендіктерінен. Пәтуалар жергілікті жердің
жағдайына қарай қалыптасқан ахуалдың оңтайлы
шешілуін қарастырады. Әрине, бұл Исламның негізгі
өзгермейтін жалқы үкімдері ғана емес, жалпылама-
сы мен тармақтарына байланысты мәселелерге де
қатысты. Сондықтан болса керек, жоғарыда айтылған
Имам Шафиғи «ламаса» сөзіне байланысты үкімді
жалпы мағынасында жанасу деп ұғып, дәретті бұзады
деген тоқтамға келеді. Өйткені, ауылды жерде әйел мен
ердің тәнінің бір-бірімен жанасуы сирек кездесетін
жағдай. Ал Әбу Ханифа болса, әйел мен еркек аман-
дасса да, тәндері жанасса да, (шаһуат болмау шар-
тымен) дәрет бұзылмайды деп пәтуа шығарған. Бұл
үкімі қалалық мұсылман қоғамына үлкен жеңілдік
алып келеді. Өйткені, қалалы жерде халық тығыз
орналасқандықтан, ер мен әйелдің жанаспай жүруі
көп жағдайда мүмкін емес. Әр жанасқан сайын дәретті
жаңалап отыру қиындық туғызуы мүмкін. Әрине, дінде
адам баласы көтере алмайтын міндет жүктелмеген.
Түрлі көзқарастардың болуының өзі Ислам дінінің
адам баласына қолайлы дін екенін көрсетеді. Және кім