234
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
болса, бұл мұсылмандардың ынтымағына сына
қағып, сызат түсіріп қана қоймайды, сонымен бірге
өшпенділіктің отын тұтатады, ойын жұтатады.
Сол үшін қандай да бір мәселеге қатысты түрлі
көзқарас пайда болған жағдайда мұсылман баласы
мыналарды қаперде ұстауы қажет:
1. Пайда болған фиқһтық мәселелердің мәні мен
олардың неден туындағанына үңілу. Яғни, алғашқы
кезең ғалымдары мен көпшілік ғалымдардың жолынан
ауытқымауы қажет.
2. Пікір қайшылығын тудырған мәселеде көңілге
қонымды көзқарастардың біреуіне тоқтап, амал ету.
Бұл адамдардың ғылыми таным-түсінігіне қарай түрлі
жолмен жүзеге асады.
Бұл жағдайдағы адамдар 3 топқа бөлінеді: 1. Ғалым,
2. Ізденуші (мутаалим) және 3. қатардағы азамат. Осы
айтылғандарды ескермеген жағдайда тығырықтан
шығу былай тұрсын, мәселені одан сайын ушықтырып,
күрделендіріп жібереді.
1. Ғалымдарды білім-білігіне қарай катеорияға
бөлгенде, олардың дәрежесі (мұтлақ, мұқаияд)
мүжтәхид деп белгіленеді. Көпшілік ғалымдардың
көзқарасы бойынша кез-келген мәселені егжей-
тегжейлі зерттеп, фиқһи үкім шығаруға қабілеті
жететін мұтлақ мүжтәхид ғалымдардың өзгелерге
еліктеп, бағынуы ақылға сыймайды. Ал тағы бір
көзқарас бойынша, мұндай ғалымдар үшін ұтымды
ұсыныс айтқан қатардағы өзге ғалымның көзқарасын
құптап, пәтуасын жарамды деп табуы сөкеттікке жат-
пайды. Ал өз деңгейіндегі ғалымның көзқарасына еріп,
амал ету дұрыс емес.