Previous Page  240 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 240 / 400 Next Page
Page Background

240

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

Қандай да бір мәселе жайында пәтуа беруге

асықпаған жөн. Алдымен Құран аяттары үкімдерінің

насих пен мансухтарын, яғни, аяттың үкімі уақытқа

байланысты өзгерген бе, жоқ, өзгермеген бе, соны

білуі тиіс. Және аяттардың (мүхкам, муташабиһ,

мекки, мадани, ғам, хас, мұтлақ, мұқайяд) секілді

үкімдерін меңгеруі қажет, сондай-ақ, хадистерде

осы жоғарыда аталған үкімдердің бар-жоғын білуі

керек. Және араб тілі мен араб поэзиясын жан-жақты

менгеруі тиіс. Адамдардың қандай пікірде екенін білуі

керек. Пәтуа беруге осының өзі аздық етеді. Сонымен

қатар, ол тума талант, алғыр, зерек әрі үлкен-кішілі

күнәдан аулақ болуы керек. Егер осы айтылғандарға

ие болса, пәтуа беруіне болады

415

. Имам Ахмед ибн

Ханбәл: «Пәтуа беру үшін өзінен бұрын өмір сүрген

ғалымдардың көзқарастарын білу керек. Егер білмесе,

пәтуа бермесін» деген

416

.

Фиқһ маманы болу терең білімді қажет етеді.

Құранға байланысты барлық ілімді, әсіресе, үкімдерді

қамтитын аяттардың қыры мен сырын менгерумен

қатар мыңдаған хадистерді де егжей-тегжейлі түсініп,

олардан үкім шығара алатындай деңгейде білімді

болуы тиіс. Бұл жайында Мұхаммед ибн Абдуллаһ ибн

әл-Мунади мына бір оқиғаны әңгімелейді: «Имам Ах-

медке бір кісінің былайша сауал қойғанын естідім:

– Егер бір адам жүз мың хадисті жатқа білсе, фақиһ

бола ала ма?

– Жоқ.

– Екі жүз мың хадисті жатқа білсе ше?

415

Шафиғи,

әл-Фиқһ уәл-мутафаққиһ,

2-т.,331-б.

416

Ибн Таймия, Масуада, 515-б.