Previous Page  239 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 239 / 400 Next Page
Page Background

239

Әбу Ханифаның фиқһ іліміндегі орны

буын ғұламалардың аузынан «мынау − харам, мынау

− халал» дегенін естімедім. Олардың кесіп-пішіп

дәлелсіз сөйлеуге батылдары бармайтын. Ары кетсе

«Мынаны жек көреміз, ал мынаны жақсы көреміз, ал

мынадан абай болып, аулақ жүріңіз немесе білмейміз»

деп сақтана тіл қататын. Яғни, олар әр нәрсеге мынау

харам, ал мынау халал деп, келсін-келмесін үкімшығара

бермейтін. Аллаһтың дініне асқан жауапкершілікпен

қарайтын. Осы айтылғандарға қатысты Аллаһ елшісі

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

былай дейді: «Қазылар үш түрлі;

екеуі − тозақта, біреуі − жаннатта. Бір адам бар,

ақиқатты танып-біліп, ақиқаттан ауытқымай үкім

береді де жаннатқа кіреді. Енді бір адам бар, білмесе

де адамдарға үкім шығарады, осылайша тозақтық

болады. Бір адам ақиқатты біле тұра (нәпсісіне еріп)

әділетсіздікке барып тозаққа түседі»

413

. Олай болса,

мәселенің анық-қанығын, жағдайдың жай-жапсарын

білмей тұрып пәтуа берудің ауыр күнә екенін қаперде

ұстауымыз қажет.

Пәтуа беруге кімдер лайықты?

Хузайфа былай деген: «Көпшілікке үш түрлі адам

жауап бере алады: 1. Құранның насих пен мансухын

білетін ғалым. 2. Жауап беруге міндеттелген басшы.

3. Ғалымға еліктегіш ақымақ». Оның бұл сөзін естіген

Ибн Сирин деген ғалым кісі талай жыл табандап

жинаған білімін азсынып: «Мен алғашқы екеуінен

емеспін. Үшіншісі (еліктегіш ақымақ) болуды да

қаламаймын» деген екен

414

.

413

Тирмизи, Ахкам,1322

414

Ибн Қайим,

Иламул мауаққиғин,

2-т., 67-б.