235
Әбу Ханифаның фиқһ іліміндегі орны
2. Ол – қатардағы жай адам мен мүжтәхид
ғалым арасындағы тұлға. Оның қарапайым адамнан
айырмашылығы болғанымен, мүжтәхид дәрежесіне
жетпеген. Үмбеттің шариғат ілімдерімен айналысатын
маман ғалымдары әдетте осы санаттан. Кей ғалымдар
мүжтәхид дәрежесіне жетпегендіктен, оларды ауам (жай
халық) қатарына жатқызса, кейбіреулері ихтилафтық
мәселелерде ғалымдардың көзқарастарын таңдауға
ерікті екендіктерін айтады. Осы ізденушінің (мутаал-
лим) жағдайы екі түрлі боп келеді:
а) Алдынан қандай мәселе шықса да, оны
тыңғылықты зерттеуге қажыр-қайраты жететін
ізденімпаз; зерттеуге қажетті деректерге қол жеткізе
алатын әрі оны сараптап, саралай алатын тұлға. Басты-
сы − зерттеу арқылы қол жеткізген дәлелге қатысты
жүрегінде зәредей күмән болмауы қажет. Мұндай
кісі өзі жөн көрген дәлелге тоқтап, өз бетінше әрекет
ете алады. Басқа ғалымдардың да көзқарастарына
құрметпен қарай отырып, өзінің пікірін қорғай білуі
керек. Ал, оның келтірген дәлелі ақиқатқа (Құран мен
сүннетке) қаншалықты жақын екендігі оның үкімінің
қаншалықты тиімділігімен өлшенеді.
ә) Ілімінің жеткіліксіздігі немесе ғылыми
зерттеулерге қабілеті жоқ яки қолында деректер
жеткілікті болмаған жағдайда белгілі дәлелдердің
өзінен қорытынды шығара алмайтын тұлға. Ондай
адамның пәтуа беруіне қақысы жоқ. Дәлелдерді
зерттеп-зерделеуге қарым-қабілеті жетпейтін
адамдардың жағдайы уммилердің жағдайына ұқсас.
Бұл өз кезегінде өрескел қателікке, тіпті адам айтқысыз