Previous Page  238 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 238 / 400 Next Page
Page Background

238

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

айтатын не болмаса сол бір сауал үшін түнімен кірпік

ілмей көз майын тауысып, Құранды бастан-аяқ сүзіп

шығатын, яғни, оның жауабын Құраннан іздейтін.

Ал егер Құраннан таба алмаған жағдайда сүннеттен,

іздегенін одан кезіктіре алмаса, сахабалардың сөздері

мен істеріне үңілетін. Олай болса, жүрегі иманға толы

ғалым ешқашан «Мынау − халал, ал мынау − харам»

деп кесіп-пішіп өз ойынан пәтуа айтпасы анық.

Білімсіз айтылған пәтуаның жазасы

Аллаһ тағала ізденбей тұрып немесе білмей жатып

пәтуа айтудың харам екендігін ескерте отырып, Құран

кәрімнің «Ағраф» сүресінің 33 аятында: «

Аллаһ

бұйырмаған істерді жаламен Аллаһқа таңуларың

харам етілді»

деген. Бұл аяттағы ауыр күнә әрі харам

іс –

«Білімсіз Аллаһ жайында айтылған сөз»

.

Аллаһ туралы, Аллаһтың есімдері мен сипаттары,

істері мен діні және адамдарға түсірген шариғаты

жайында білместікпен сөйлеудің арты ең ауыр күнәға

ұрындыратынын қадап айтады. Аңдамай сөйлеген ау-

ырмай өледі. Ағат сөйлеудің ауыр күнә екендігі жай-

ында Құранның «Нахл» сүресінің 116-аятында

«Өз

тілдеріңмен дұрыс-бұрыс деп сипаттаған өтірік

жалаларды Аллаһқа таңып, «мынау адал, мынау

харам» демеңдер. Өйткені, Аллаһтың атынан

өтірік айтқандар екі дүниеде де оңбайды»

делінген.

Бұл аятта Аллаһ тағала шариғаттың үкімдері жайлы

ақиқатқа, білімге сүйенбестен, «мынау халал», ал

«мынау харам» деп қатерлі әрі қате қадамға барудың

қаншалықты ауыр күнәға ұшырататынын ескертеді.

Ибн Уаһб Имам Мәліктен естігенін бізге былай

жеткізген: «Қарапайым адамдардың және алдыңғы