Previous Page  233 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 233 / 400 Next Page
Page Background

233

Әбу Ханифаның фиқһ іліміндегі орны

қай көзқарасты ұстанса да, оның түп негізі, сүйенер

дәлелі − Құран мен хадис.

Әр мәзһаб көзқарасына өзінше шариғи дәлел

келтіргендіктен, олардың ешқайсысын теріске

шығара алмаймыз. Әркім өзі жөн көрген мәзһабты

ұстанады. Сондықтан да, мұсылман баласы бір-бірімен

қызылкеңірдек болып таласып, қоғамда іріткі салудан

сақтанып, ілімін көркем мінезбен көркейтіп, былайғы

жұртқа Мұхаммед Мұстафаның

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

үмбетіне лайық үлгі көрсетуі тиіс.

Шариғатты ағашқа теңесек, мәзһабтар сол ағаштың

бұтақтары әрі жемістері секілді. Бәрінің де түбірі

бір. Шариғатты бақша десек, мәзһабтар сол бақшада

жайқала өсіп, көздің жауын алған гүлдер. Сондықтан,

бөлінуге ешқандай негіз жоқ. Дәрігерлердің де емдеу

тәсілдерінің түрлі болатыны секілді бұл да, айталық,

біреуі шөппен емдесе, енді біреуі ине салады, т.с.с.

Бір мәселеге қатысты түрлі пікірлер

кездескен жағдайда мұсылмандар не істеуі

қажет?

Дәлелдердің әлсізі мен күштісін бір-бірінен

ажыратуға шамасы жетпейтін кісілердің өз бетінше

шешім шығарып, таласы көп, дау тудырған мәселеде

басқаларды мойындамауы дұрыс емес. Яғни, басқа бір

адам дәл өзі секілді амал етепесе, басқа ғалымдардың

көзқарасы бойынша құлшылығын атқарса, қарапайым

адамның оған қарсы шығып, дау айта алмайды. Осылай

ойлағанда ғана мұсылмандар арасындағы алауыздық

сап тиылады. Әйтпесе, қарапайым халық кез-келген

мәселеде мүжтәхид ғалымдар секілді білсе де, білмесе

де тисе терекке, тимесе бұтаққа деп пікірталастыратын