228
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
шығаруын, кейде өз мәзһабтарының пәтуаларына да
қайшы келетін үкімдермен амал етуін күнә санамаған»
дейді
404
.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, ғалымдардың
құқықтық үкімдерде түрлі көзқараста болуы мәселені
түсіну мен талдау қабілеттерінің әр түрлілігімен қатар
шариғи үкімдердің де бірнеше мағына беретіндігінен
туындауы табиғи, тіпті солай болуы заңдылық екені
айдан анық
405
.
Бір діннің түрлі мәзһабта болуы
Аллаһ тағала қаласа бүкіл аятты бір ғана мағынаға
саятын нақты сөздермен айтуы мүмкін еді. Аллаһ адам
баласын ақыл-ойына бұғау салып, шектемей, жасампаз
етіп жаратқан. Сол себепті, мұсылман ғалымдарының
арасында бір-бірін қайталамайтын ғылыми әдістемелер
пайда болып, ғылым-білімнің дамуына орасан зор үлес
қосты. Ал өз кезегінде ғалымдар тек менікі ғана дұрыс
демей, басқа ойшылдардың да көзқарасына құрметпен
қараған. Пайғамбарымыз «Менің үмбетімнің түрлі
көзқарасты ұстануы − рақымдылық» деп, сондықтан
айтып кеткен. Мұны қарапайым бір мысалмен
түсіндіруге тырысайық.
Ақиқаттың бары рас. Оны әркім өзінің шама-
шарқына, қарым-қабілетіне қарай қабылдайды.
Алайда, ақиқаттың не екенін түсіндіріп беретін діннің
құндылықтары адамзатқа ортақ. Құранымыздың,
құбыламыздың, Пайғамбармыздың
(саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм)
бір екендігі де белгілі. Алайда, кез-келген нәрсе
404
әл-Инсаф фи бәяни әсбәбил-ихтилаф,
66-67-беттен, Бәйәнуни,
16-б.
405
Бәйәнуни, 74-б.