223
Әбу Ханифаның фиқһ іліміндегі орны
орай «Күмән үкімді жарамсыз етеді. Яғни, ол мәселеде
үкім жоқ секілді болады» деп үкім шығарған
396
.
4. Үкім шығару әдіснамасы мен қағидаларға
қатысты түрлі көзқарастардың туындауы
Мүжтәхид ғалымдар арасында түрлі көзқарастың
тағы бір себебі, үкім шығару әдіснамасы мен
қағидаларының дәлелге саналып-саналмауы мәселесіне
қатысты өрбиді. Енді осыған қатысты бірнеше мысал
келтіре кетейік:
а) Имам Мәлік түрлі көзқарас туындаған
жағдайда
Мәдина жамағатының амалдарын негізгі дәлел
ретінде санаған. Оның көзқарасы бойынша таңдауға
ең лайық көзқарас солардікі. Өйткені, Мәдина –
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
қоныс аударған,
Құран аяттары түскен, харам-халалдар бекітілген
қасиетті мекен. Аллаһ елшісінің
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
өзі оларға тікелей жол көрсетті. Бұл Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
қайтыс болғанға дейін жалғасын
тапты. Пайғамбарымыз қайтыс болғаннан кейін арада
туындаған мәселелерде халық солардың көзқарасын
таңдады т.б....
Бірақ, көпшілік ғалымдар оның пікірімен
келіспеді. Өйткені, қандай да бір мәселеге қатысты
ижма (ауызбірлік) қалыптасу үшін тек бір аймақ
тұрғындарының ғана көзқарасымен шектелмей, басқа
өңірдегілердің де келісімі болуы қажет. Бұған қатысты
дәлелдер фиқһ кітаптарында кеңірек баяндалған.
396
Бидәятул-мүжтәхид
, 1-т., 89-90;
Нәйлул-әутар,
1-т., 95-б.