Previous Page  220 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 220 / 400 Next Page
Page Background

220

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

Араб тілінің ережесіне қатысты туындаған

айырмашылық. Мәселен, Пайғамбарымыздың

(саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм)

бір хадисінде «Зәкәтул/зәкәтәл-жәнин

зәкәту/зәкәтә уммиһи» деген хадисіндегі секілді. Егер

осы хадистегі зәкәт сөзін даммалы «Зәкәтул-жәнин

зәкәту уммиһи» деп оқыған жағдайда малды сойғанда,

енесінің құрсағынан төл шықса, малды бауыздау төлді

де бауыздағанға саналып, оны бөлек бауыздаудың

қажеті жоқ. Ал егер «Зәкәтәл-жәнин зәкәтә умииһ»

деп фатхалы оқылса, онда «Іштен шыққанды да енесі

секілді бауыздаңдар» деген мағына шығады.

3. Аят-хадистерді өзара біріктіру,

яки, біреуін таңдауға қатысты түрлі

көзқарастар

Кейбір шариғи насстардың мағынасы ә деген-

де бір-біріне қайшы көрінуі мүмкін. Осындай кезде

ғалымдар олардың мағынасын тұтас қарастырады.

Мүмкін болған жағдайда екеуімен де амал етуге ты-

рысады, яки, мақсатқа сай келген біреуін таңдайды.

Осынау күрмеуі көп күрделі мәселе де ғалымдар ара-

сында түрлі көзқарастардың пайда болуына тікелей

әсер еткен. Осындай жағдайларда қандай дәлелдерді

негізге алу керектігіне қатысты ғалымдар түрлі

көзқарас білдірген. Солардың барлығын мынадай төрт

бағыт төңірегінде қарастыруға болады:

А. Бір-біріне қайшы келген хадистерді келіп жеткен

тізбегіне қарай таңдау. Мутауатир хабар мәшһүрден

жоғары, ал жеткізушісі ілімі терең, жан-жақты білімді

ағламның және жадына тоқу қабілеті жоғары, түсінігі

терең адбат кісілердің хабарлары алдымен таңдалады.