Previous Page  216 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 216 / 400 Next Page
Page Background

216

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

түсінген. Имам Әбу Ханифаның да көзқарасы осын-

дай

388

. Өйткені, имам Мәлік өзінің фиқһ әдіснамасында

Мәдина жамағатының амалдарын негізге алған.

Хадистерді дұрыс түсінуге қатысты мүжтәхид

ғалымдардың белгілеген кейбір қағидалары бар.

Кейбіреулер бұл мәселеде «Бір ғана көзқарас болу

керек. Мүжтәхидтер хадисшілердің белгілеген

қағидаларын мойындауы қажет» деп ойлайды. Бұл –

қате пікір. Өйткені, мүжтәхид ғалымдар һәм хадис-

те, һәм фиқһта имам. Аллаһ тағала оларға мүжтәхид

деңгейіне жетуді нәсіп етіп, тақлид, яғни біреудің

айтқаны бойынша жүру дәрежесінен көтеріп, жоғары

мәртебеге жеткізген.

Осы мәселеге қатысты тағы бір-екі мысал келтіре

кетейік:

а) Хабарды жеткізуші мәстур кісі жайында

түрлі көзқарастың кездесуі

Діни терминологияда «Мәстур» деп өзінен екі

немесе одан көп кісі хадис риуаят еткен, ол жайлы

сенімді, яки, сенімсіз екендігіне қатысты нақты дәлел

кездеспеген рауиге (хадис жеткізушісі) айтылады.

Ғалымдардың кейбірі алғашқы үш ғасырда өмір сүрген

мәстур рауиді әділетті әрі сенімді деп есептеп, оның

риуаяттарын қабылдаған. Өйткені, ол кезде жалпы

мұсылманды әділетті деп есептеу негізге алынған. Ал

кейбіреулері ықтияттылық танытып, ондай кісілердің

жеткізген хабарларын дәлелге санамаған. Мәселен,

Әбу Ханифа Пайғамбарымыздың

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

«Мұсылмандарбір-бірлері үшінәділболыптабылады»

389

деген хадисіне сүйеніп, ондай кісілердің сот істерінде

388

Қараңыз: 278-279 беттер.

389

Зәйләи,

Насбур-раия,

IV, 81