Previous Page  214 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 214 / 400 Next Page
Page Background

214

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

пайғамбардың Мұхаммед екендігі, намаздың бес

уақыт оқылатындығы, парыз намаздарының рәкат

сандары секілді мәселелерде мұсылмандар арасын-

да еш талас-тартыс жоқ. Барша мұсылмандардың

бір көзқараста болған осындай мәселелеріне қарсы

шыққан адамға «сенікі дұрыс емес» деп айта аламыз.

Бірақ, «Мухтәлафун фиһ», яғни, мұсылмандардың әу

бастан түрлі көзқараста болған тармақ мәселелерінде

белгілі бір көзқарасты таңдаған адам екінші бір ханафи

мәзһабын жөн көрген адамға «Сендердікі дұрыс емес,

тек біздікі дұрыс, біздің жолымыз ақиқат, сендер

адасып жүрсіңдер» деп айта алмайды. «Меніңше,

менің таңдағаным, анағұрлым дұрысырақ» деп қана

айта алады. Өйткені, әр бір мәзһабтың өзіндік шариғи

дәлелдері болғандықтан, «тек менікі ғана дұрыс» деу

мұсылмандар арасында бүлік шығарып, өзара жанжалға

әкеліп соғады

386

.

Жалпы, Пайғамбарымыздың

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

ғасырынан кейін пайда болған түрлі көзқарастар мына

екі негізден туындап жатты: 1. Шариғи насстардың

(аят-хадистер) өзіндегі кейбір ерекшеліктер, 2. Діни

дәлелдерді түсінуден туындаған айырмашылықтар.

Осы тақырыпты мына төмендегі тақырыпшалар

негізінде ашып түсіндіріп көрейік

387

.

386

М. Исаұлы, Қ. Жолдыбайұлы,

Ислам ғылымхалы,

«Нұр-

Мүбарак» баспасы, Алматы, 2008, 24-26-б.

387

Келтірілген дәлелдердің көпшілігі Әбул Фәтх әл-Баянунидің

түрік тіліне тәржімаланған

«Мезхһеп меселеси ве фыкхи

ихлилафлар»

(мәзһабтар мәселесі жәни фиқһтағы түрлі

пікірлер, ауд: Ебубекир Сифил) атты еңбегінен ықшамдап

алғанымызды ескерте кетейік. Әбул-Фәтх әл-Баянуни, Рисале

баспасы, Стамбул, 1997.