Previous Page  210 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 210 / 400 Next Page
Page Background

210

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

кетпейтін

382

. Жалпы, әдет-ғұрыпты ханафи мәзһабы

ғана емес, басқалары да негізге алған.

Қорытындылай айтсақ, әдет-ғұрып діни үкім

шығару, яки, пәтуа беру тұрғысынан мұсылман

құқығының қайнар көздерінің бірі болып табылады.

Әдет-ғұрыпқа мән беріп, оны негізге алу – Ислам

құқығының динамизмін, барлық уақытта жергілікті

халықтың дүниетанымына сай келетін кеңдігін

көрсететін бірден-бір ерекшелігі.

Ижтихад жасау – Ислам дінінің рухының өзінде

бар қасиет. Аллаһ тағала адам баласын ұдайы терең

ойлануға шақырады. Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә

сәлләм)

белгілі бір мәселеге қатысты уахи келмеген кез-

дерде ижтихад жасаған және сахабаларымен кеңесіп,

олардың да көзқарастарын ескергендігіне қатысты

дәлелдер дереккөз кітаптарда көптеп кездеседі

383

.

Жалпы алғанда, аят-хадистерде адам ғұмырының

барлық қырын қамтитын қат-қабат иірімдері мен

олардың нақты шешімі айтылып, бекітіліп қоймаған.

Егер олай болған жағдайда, діни үкімдерге қатысты

том-том еңбектерді оқып-тауысуға адамның ғұмыры

жетпес еді. Бұл өз кезегінде дінді қиындатып жіберер

еді. Аллаһ тағала пенделеріне көтере алмайтын салмақ

салмайды. Егер Жаратқан иеміз барлық мәселелердің

382

Бұл да сонда, 1-т., 352-б.

383

Тақырыбымыз тікелей мәзһабтар тарихы болмағандықтан

қысқаша ғана тоқталдық. Бұл айтқандарымызға қатысты

келтірген дәлелдер турасында білгіңіз келсе, мына кітаптарға

қараңыз: Шах Уалиуллаһ Дәхләуи,

Хужжатуллаһил-балиға,

2

том., әл-Матбаатул-хайрия, 1-басылым, Мысыр, 1332 һ; М.

әл-Худари,

Тарихут-тәшриил-Исламий,

Матбаатул-истиқама,

5-басылым, Каир 1939; Х. Караман,

Ислам хукукында

ижтихад