Previous Page  205 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 205 / 400 Next Page
Page Background

205

Әбу Ханифаның фиқһ іліміндегі орны

болады. Әдетте, мұсылмандардың ешқандай зияны жоқ

үйреншікті әдеттеріне қарсы келу адамдарға қиындық

туғызады. Алайда, Құран кәрімде

«Дінде де сендерге

ауырлық салмады»

373

, – деген аят бар.

Шариғат үкімдерінің және Ислам құқығының

негізгі қағидаларына қайшы келмейтін әдеттер негізге

алынуы керек. Өйткені, Ислам құқығындағы үкімдердің

негізгі мақсаты – адамдардың игілігі, әділетсіздікті

болдырмау және қиындықтың алдын алу. Олай болса,

Ислам құқығы бойынша үкім берілер кезде белгілі бір

қоғамда әдетке айналған ғылым, білімде өзіндік орны

бар ғалым мамандардың да құптаған көзқарасымен

есептеспеу былайғы жұртты қиындыққа итерме-

леп, тығырыққа тірейді. Ал бұл – өз кезегінде Ислам

құқығының ең негізгі мақсатына қайшы

374

. Осыған

қатысты мына бір мысалды келтіре кетейік.

Имам Әбу Ханифа мен екі шәкірті (Әбу Юсуф пен

Мұхаммед) келіссөзде арнайы шарт етіп қойылмайтын

немесе шарт талаптарына толық жауап бермейтін

адамдардың өзара құқықтық қатынастарында орын

алатын шарт қою әдетіне рұқсат берген. Бүгінгі

өмірімізден бұған мысал ретінде сатушының

техникалық құрал-жабдықтарды сату барысында

кепілдік (гарантия) мерзімін белгілеуін келтіруге

болады. Ал бұл жағдай Пайғамбарымыздың шартты

түрде жүргізілетін сауда-саттыққа тыйым салған

хадисімен байланысты жалпы үкімді жалқыға айнал-

дырып, белгілі бір аямен шектейді. Сондықтан, фиқһ

ғалымдары хадистерді сөзбе-сөз емес, барлық шарт-

тарды негізге ала отырып, кең мағынасында түсінген.

373

«Хажж» сүресі, 78-аят

374

З. Шағбан, 196-б.