201
Әбу Ханифаның фиқһ іліміндегі орны
авторы «..Истихсанды дұрыс түсінбегендер оны
қаралап, ілімін түкке алғысыз етіп сынады. Негізінен,
аса қадірлі, діндар, тақуа Әбу Ханифа секілді ғалым ау-
зынан шыққан әрбір сөзін дәлел-дәйексіз сөйлемеген.
Шариғи тұрғыдан дәлелі жоқ мәселеде истихсан жасап,
онымен амал етуден ол мейлінше аулақ...»
364
дейді.
Ханафилардың тысында бұл әдісті басқаша атау-
лармен мәликилер мен ханбәлилер да пайдаланған.
Бірақ, кейбір ғалымдар осы терминді ең алғаш әрі жиі
қолданғандықтан, мұны тек қана ханафиларға тән тәсіл
ретінде қабылдаған.
Ислам құқығының динамизмін сақтайтын
әдіснаманың бірі – осы истихсан. Жалпы, «Истих-
сан» – құқық нормалары мен өмір шындығын өзара
сабақтастыра талдайтын айрықша әдіс. Егер діннің
шарттарына сай келетін қатарынан бір емес, бірнеше
үкімнің орындалу мүмкіндігі болса, сол үкімдердің
ішіндегісінің қайсысы діни шарттың талаптары-
на мейлінше толық жауап берсе, соны таңдауды
білдіреді
365
.
Ханафилардың истихсан әдісі «Қиындықты тастап,
жеңілін таңдау»
366
принципі негізінде жүзеге асқанын
байқауға болады. Имам Сарахси «жеңілін таңдау»
діндегі жалпы қағидат екенін ескертеді. Сондықтан,
діни үкімдерді тар шеңберде ұқпауымыз керек. Ханафи
ғалымдары осы әдісті қолдана отырып, уақыт талабына
қарай діннің негізгі қағидалары аясында жаңа үкімдер
шығаруға қол жеткізген. Яғни, олардың діни үкімдердің
364
Әбу Захра, Әбу Ханифа, 307-б.
365
А. Баккал, 1-т., 303-б.
366
Ханафилардың аталмыш әдіснамасына хадис бөлімінде
мысалдар келтірілген. Қараңыз: 269-289-б.