204
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
қасқа» деп бекер айтылмаса керек. Адамзаттың түрлі
ұлт, ұлысқа бөлінуінің өзі – Жаратқанның қалауы. Бұл
шындық Құран кәрімде:
«Бір-біріңді танып-білуің
үшін Біз сендерді ұлттар мен ұлыстарға бөлдік»
371
– деген аятта ашық айтылған. Осыған орай, әр ұлттың
өзіне тән әдет-ғұрпы болатыны да айдан анық. Қандай
да бір ұлтты екіншісінен түр-түсі ғана емес, тілі
мен әдет-ғұрпы да ерекшелеп тұрады. Әбу Ханифа
мәзһабында осының бәрі егжей-тегжейлі ескеріле
отырып, өгізді де өлтірмейтін, арбаны да сындырмай-
тын тиімді пәтуалар берілген.
Әдет-ғұрып шариғатта дәлел және үкім ретінде
қолданылады. Шариғатқа үш қайнаса сорпасы
қосылмайтын, алайда, халықтың нанымына айналып,
ғасырлар бойы тұрмыс-тіршілігінен бықсып жанған
шаладай көңірсіп көрініс тапқандары «бұрыс» әдет-
ғұрыпқа жатады. Мысалы: ішімдік ішу, құмар ойын-
дары, пайыз секілді харам әдеттер есте жоқ ерте за-
маннан елге сіңісті боп кеткендіктен, дін үкімдеріне
қайшы келсе де тыйылған жоқ. Бұл секілді қоғамды
іштен ірітетін шариғатқа теріс әдеттерге дінімізде
орын жоқ.
Жалпы, мұсылман қоғамы шариғатқа қайшы, жат
әдеттерге қырын қарайды. Сондықтан, мұсылман
қоғамы ақты ақ, қараны қара деп таныған. Бұған дәлел
ретінде Ибн Аббас риуаят еткен «Мұсылмандар оң
қабақ танытып, ақ тілеуін тудырған кез келген әрекет
жақсы болып есептеледі»
372
деген хадисін келтіруге
371
«Хужурат» сүресі, 13-аят
372
Ахмед ибн Ханбәлдың «Муснадында» бұл хадис Пайғамбары-
мыздан мауқуф ретінде риуаят етілген. Сондықтан, көпшілік
ғалымдар оны Ибн Аббастың сөзі деп қабылдаған.