Previous Page  203 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 203 / 400 Next Page
Page Background

203

Әбу Ханифаның фиқһ іліміндегі орны

халықтың арасында нақты осы сөздерді қолданып

жатпай тек ақшасын беріп, затты сатып алу әдетке ай-

налып кеткендіктен, бұл сөздерді қолданбай-ақ ақысын

төлеп, затты алып кете беруге рұқсат берілген.

Фиқһқа қатысты үкімнің тағы бір қырын былай

зерделеуге болады. Кейбір сөздің мағынасы әдет-

ғұрыпқа байланысты бір басқа, ал тікелей сөздік

мағынасы өзгеше болуы мүмкін Осындай жағдайда

үкім әдет-ғұрыпқа байланысты бекітіледі. Егер біреу

«бас сатып алмаймын» деп ант етсе, шариғат бой-

ынша сертін бұзбауы қажет. Бірақ, ант еткен кісінің

сөзі тікелей мағынасында барлық тіршілік иелеріне

қарата айтылғанымен, әдет-ғұрпымызда олардың

кейбіреуі бұл санатқа кірмейді. Егер ант берген адам

көгершіннің, шымшықтың, торғайдың, т.б. дене

тұрқы шағын құстың басын сатып алса, оның берген

серті бұзылмайды. Өйткені, олардың басы әдеп-

ғұрпымызда пайдаланылмайтындықтан, «бас» есебінде

қабылданбайды. Сондықтан, бұл жерде әдет-ғұрып

370

шариғи дәлел болып саналады.

Әбу Ханифа мәселелерді әуелі қияспен, егер қиясқа

сай келмесе, истихсанмен бағамдайтын. Ал истихсан-

мен шешілмесе, жергілікті халықтың әдет-ғұрпын

ескеретін. Өйткені, әр халықтың өзіне тән әдет-ғұрпы

бар. Бес саусақ бірдей емес. Сол секілді әр халықтың

өз салт-дәстүрі бар. «Әр елдің салты басқа, иттері қара

370

Исламқұқығындағыурф, яғни, әдет-ғұрыптыңмағынасықазіргі

біздің түсінігімізден әлдеқайда кең мағынада қолданылатынын

ескергеніміз жөн. Әдет-ғұрып дегенде, құқықтық нормаларға,

заңға негіз болатын әдет, яғни сол қоғамда кең тараған саяси-

әлеуметтік нормативтер тегіс қамтылады. Бұл сөзді ырыммен

немесе қандай да бір құқықтық сипаты жоқ әдеттермен шатас-

тырмау қажет.