Previous Page  200 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 200 / 400 Next Page
Page Background

200

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

бір мөлшерін сыртқа шығарумен су залалсызданады

деп үкім шығарған

361

. Аталмыш үкім жайында фиқһ

ғұламалары: «Қиясқа қайшы келгенімен, истихсан

қағидасы бойынша дұрыс» деп санаған.

Олай болса, истихсан – адам өмірін қиындатпау

үшін жасалатын ижтихад. Истихсанға қиястың сай

болуы да шарт емес. Жабайы құстарға қарағанда үй

құстарын ұдайы қадағалап, бақылап отыру қиын. Ау-

ызсуды бірде болмаса бірде ластап кету қаупін ескер-

ген ғалымдар истихсан ережесіне сүйенген.

Әбу Захра Имам Ағзамның истихсанды қалай

қолданғаны жөнінде: «Әбу Ханифа дәлелдер бір-біріне

қайшы келген жағдайларда аса сақ әрекет ететін. Ол

бір мәселені шешуде қиясқа әрі қалың жұртшылықтың

әдет-ғұрпына қайшы келген үкімді алмайтын. Хадис

бар кезде қиясқа жүгірмейтін. Өз еліндегі ғұламалардың

бірауыздан келіскен тоқтамдарына ден қоятын. Мұндай

дәлел тұрған кезде де қиясты негізге алмайтын. Міне,

осы әдісті ханафи ғалымдары истихсан деп атады», –

дейді

362

.

Қорыта келе мынаны айтуға болады. Кейбір

ғалымдар Әбу Ханифаның құқықтық мәселелерді шешу

барысында истихсан әдісін шебер пайдаланғандығын,

бұл тәсілде ешкімнің онымен бақ таластыра

алмағандығын айтқан болатын

363

. Осы қасиетіне бай-

ланысты талай фақиһ оны қолдап пікір білдірсе, кейбір

ғалымдар басқаша сөйлеп, ол туралы теріс көзқарас

білдірген. Осыған орай, «Кәшфул-әсрар» кітабының

361

әл-һидая 1-т., 67-б.;

әд-Дуррул-Мұхтар

(ма Һашиати ибн

Абидин), 1-т. 1-7-б.

362

Әбу Захра,

Әбу Ханифа,

302-б.

363

Саймиәри,

Ахбару Әби Ханифа уә асхабихи,

11-12-б