Previous Page  195 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 195 / 400 Next Page
Page Background

195

Әбу Ханифаның фиқһ іліміндегі орны

«Истихсан бізде және Әбу Ханифада екі күшті дәлелдің

ең күштісін таңдау арқылы жасалады», деген

356

.

Енді истихсанның осы екі түріне мысалдар келтіре

кетейік.

Қияс истихсаны.

Бұған жыртқыш құстардың ішкен

суына қатысты үкімді мысалға келтіруге болады.

Негізінен жыртқыш құстар еттері желінбейтіндігі

мен нәжіс болу ерекшелігіне байланысты жыртқыш

аңдарға ұқсайды. Жыртқыш жануарлардың сілекейлері

нәжіс болғандықтан, бүркіт, қыран секілді жыртқыш

құстардың ауыздары тиген қалдықтары да лас саналуы

қажет еді. Қиястың нәтижесі осындай. Бірақ бұл жерде

истихсаннның (жасырын қияс) өлшемі күштірек. Ол

бойынша жыртқыш аңдардың аузында сілекейі болады.

Ал сілекейлері етінен бөлініп шығады. Еті лас болуына

байланысты сілекейлері де лас саналады. Ал жыртқыш

құстар суды тұмсығымен ішетіндіктен, сілекейлері

суға араласпайды. Жыртқыш құстардың тұмсықтары

сүйек, сондықтан ол нәжіс емес. Сондықтан, оның

ішкен сулары да лас саналмайды. Бірақ ықтиятылық

тұрғысынан олардың ішкен суын қолдану мәкруһ

саналған.

Бұған имам Мұхаммед пен Әбу Ханифаның ара-

сында болған мына бір әңгіме мысал бола алады. Имам

Мұхаммед:

– Еті жеуге келмейтін, етін адам пайдаланбайтын

құстардың бірі адам пайдаланып жүрген ыдыстан су

ішсе, ол жайлы не дейсіз? – деп сұрайды. Сонда Әбу

Ханифа:

– Бұл сумен дәрет алмаған жөн деп ойлаймын, –

деп жауап қатады. Имам Мұхаммед:

356

Бұл да сонда, 155-б.