194
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
сипаттардың бірі бірден байқалатын ашық боп келеді.
Терминологияда истихсан дегеніміз осы. Екіншісінің
сипаты жасырын тұрады. Осы мәселеге қатысты үкімге
үңілген кезде фақиһ осы екі сипаттың да бір бағытта
түйісетінін байқайды. Енді осы сипаттардың ашық-
айқын боп келетіні сол мәселеге ұқсас жағдайлар үшін
де қолданылады. Екіншісі жасырын тұрғандықтан,
соған ұқсас мәселелерде үкімі жүрмейді. Осыған
қатысты Шәмсул-әимма Сарахси: «Ақиқатында истих-
сан дегеніміз – екі түрлі қияс. Біреуі ашық, бірақ оның
әсері әлсіз. Бұл қияс деп аталады. Екіншісі жасырын
бірақ әсері күшті. Итихсан дегеніміз осы» дейді.
Байқағанымыздай осы сипаттағы истихсан асхабур-
рай фақиһтарының ижтихад тәсілдеріне толықтай
сай келеді. Өйткені, олар үкімнің негізгі себебін діни
мәтіндерден алады да, сол үкімдерді қиястағы секілді
жалпы қағидаға айналдырады. Ал кейде бір мәселеде
екі себеп бір-біріне қайшы келіп қалады. Өйткені, осы
екі сипатты да сол мәселеге қатысты алуға болады.
Бірақ біреуінің әсері әлсіз болғанымен, өзі айқын.
Басқа соған ұқсас жағдайлар туындағанда да соның
үкімі жүреді. Екіншісі – қуатты бірақ, жасырын тұрады.
Өйткені, соған ұқсас жағдайларда оның үкімі жүрмейді.
Фақиһ нәтижесі қуатты болғанын таңдайды. Міне ис-
тихсан дегеніміз осы. Негізінде истихсан да қиясқа
ұқсайды.Бірақ қиястан бөлек. Қияс ұқсас мәселелерді
салыстырады. Истихсан да өзара ұқсас мәселелерді
салыстыра отырып жасалады, бірақ, мұнымен бірге
ұқсас үкімнің дәлел жағынан, түр жағынан күштірегі
таңдалады. Имам әш-Шатибидің түсіндіргеніндей: