193
Әбу Ханифаның фиқһ іліміндегі орны
байланыстырған. Алайда, ең алғаш истихсанды
фиқһтағы қағида ретінде қолданған – Әбу Ханифа.
Имам Ағзам истихсанды өте тиімді қолдана білген.
Бұл жайында Имам Мұхаммед Әбу Ханифаның истих-
сан тәсілін қолдануда асқан сұңғылалық танытқанын
былай жеткізеді: «Онымен бірге қияспен шешілетін
мәселелерді талқылайтынбыз. Ақиқатқа жету үшін
Имам Әбу Ханифаға шәкірттері тарапынан түрлі
дәлелдер ұсынылатын. Бірақ, Әбу Ханифа «Мен ис-
тихсан жасадым» деген уақытта ешкім онымен
тартыса алмайтын, әрқайсысы өздерінің ұстанған
дәлелдерін, көзқарастарын тастап, оның көзқарасымен
келісетін»
353
. Бұдан біз оның қиястан кейін истихсан-
ды қолданғандығын көреміз. Тіпті, истихсан тәсілін
қабылдағысы келмеген, оған қарсы шыққан Имам
Шафиғидің (һ. 204) өзі: «Былайғы ғалымдар қияс
пен истихсан мәселесіне келгенде Әбу Ханифаның
қасында әлі буыны бекіп, бұғанасы қатпаған сарыауыз
балапан секілді»
354
деп, оның бұл мәселеде алдына жан
салмаған ғұламалығын мойындаған болатын. Мұнымен
қоса, қандай да бір мәселені шешуде адамның басты
тірегі білім болғандықтан, Имам Мәлік: «Истихсан –
білімнің оннан тоғызы»
355
деген екен.
Жалпы ханафилер истихсанды екіге бөледі: а) Қияс
истихсаны, ә) Сүннет, ижма және зәрулік истихсаны.
а) Қияс истихсанының мәні мынада.
Бір мәселеге қатысты бір-біріне қарама-қайшы
қиясты қажет ететін екі түрлі сипат болады. Осы
353
Саймари,
Ахбар
, 12-б ; Мекки,
Манақиб
, 1-т., 81-82-б.
354
Саймари,
Ахбар
, 112-б
355
Ю. Қардауи,
Мадхал лидирасатил шариғатил исламииати,
155-б.