190
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
түсіндіруі әр қилы. Алдыңғы буын ғалымдары қандай
да бір хадисті «әлсіз» деп ат қойып, айдар тақса,
кейінгі ғалымдар ол хадисті «хасан» деп, үкім берген.
Әбу Зәхра «Мынаны нақты айта аламыз: Әбу
Ханифаның мәзһабы ешқашан қиясты хадистен жоғары
санаған емес. Керек десеңіз, мұсылман фақиһтарының
ішінде ешкім қиясты сахих хадистен жоғары қоймаған.
Егер қандай да бір риуаятты қабылдамаса, ол Құранға
және діннің негіздерінің біріне қайшы келгендіктен
туындаған. Бірақ, бұл хадисті ұмытып, қияспен амал
ету деген сөз емес. Бұның себебі, нақты бекітілген
діни үкімдерге немесе фиқһ әдіснамасының басты
ережелеріне сәйкес келмейтін риуаятты алмауда жатыр.
Өйткені, ине жасуындай болса да күмән тудырған дәлел
нақты дәлелдің алдында ақырғы үкімге өз ықпалын
«жүргізе» алмайды. Ғалымдар үкімі нақты хабарды
айғақ ретінде алып, күмәндісін қолданбаған»
344
.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, Әбу Ханифа
мәзһабында егер қандай да бір мәселе, яғни, оған
тікелей немесе жанама қатысы бар хадис табылса,
қияс пен ижтихадты бас-көз демей қолдана берме-
ген. Міндетті түрде әуелі хадиске мән берген. Осыған
орай, Таханәуи, көпшіліктің «Әбу Ханифа қиясты тым
көп қолданған» деп айтып жүргеніндей емес, қайта
керісінше қиясты ең сирек қолданған мүжтәхидтердің
бірі екендігін атап өткен
345
.
Әбу Ханифа үкім шығару мәселесіне асқан
жауапкершілікпен қарап, былайғы жұрттың зердесі
жете бермейтін дәрежеде парасат-пайымы кең, кез
344
Әбу Зәхра, 289-б.
345
Таханәуи,
Иғлаус-сунән,
1-т., 11-12-б.