186
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
құрметтеп, сыйлаймын» деп құрмет көрсетті. Осыдан
кейін Мұхаммед Бакир тізе бүкті. Әбу Ханифа оның
алдында жүрелей отырып оған:
– Сізге үш сұрағым бар, соған жауап бересіз бе? –
деп оның келісімін алған соң сауалдарын қойды.
– Әйел әлсіз бе, жоқ еркек пе? Мұхаммед Бакир:
– Әйел.
– Әйелдің атадан қалған мұрадан үлесі қанша?
– Ер кісі екі пай алса, әйел бір пай алады.
– Бұл атаңыз Пайғамбардың
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
сөзі емес пе? Егер мен дінбұзар болсам, қияс жолымен
ер кісінің үлесін бір, ал әйел кісінің пайын екі есеге
арттырар едім. Өйткені, әйел заты әлсіз, табыс табу
мүмкіндігі аз, ал ер кісінің әйел затына қарағанда күш-
қуаты мол. Еңбек етіп, мол табыс таба алады. Бірақ,
мен қияс жасамаймын, аят пен хадис болса, осылармен
амал қыламын.
– Ең абзалы намаз ба, әлде ораза ма?
– Намаз.
– Атаңыздың айтқаны осылай. Егер мен оның дінін
бұзған болсам, әйел хайыздан (етеккірден) тазарғаннан
кейін намазының қазасын өтеуге әмір берер едім.
Оразасының қазасын өтеттірмес едім. Бірақ, мен осын-
дай жолмен, яғни, қияспен өзгеріс енгіздім бе?
– Зәр лас па, әлде ұрық па?
– Әрине, зәр лас.
– Егер мен атаңыздың дінін өзгерткен болсам,
зәрмен былғанған денені бастан-аяқ жуындырып,
ғұсыл алуды, ал ұрық бөлінген адамға тек дәрет алуды
бұйырар едім. Бірақ, мен хадиске теріс көзқарасымды
таңып, қияспен Аллаһ елшісінің
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)