181
Әбу Ханифаның фиқһ іліміндегі орны
в) Сана қаласында екі әйел бір баланы өлтіріп қояды.
Бұл жағдайға Сана қаласының әкімі Яғла ибн Умайя
оларды бірден жазаламай, көп ойланады. Бұл жағдайда
не істеу керектігін хазірет Омардан (р.а.) сұрап білмек
болып, оған хат жолдайды. Омар (р.а.) сахабалар-
мен ақылдасады. Сахабалардың арасында Али (р.а.)
де бар еді. Омар (р.а.) баланы екі адам (әйел) бірігіп
өлтірген жағдайда, ол екеуін де өлім жазасына кесуді
хош көрмейді. Ал Али (р.а.) Омардың бұл көзқарасына
кереғар пікір білдірді. Хазірет Али (р.а.) Омарға былай
дейді: Егер бір топ адам бір түйені ұрлап, оның етін
теңдей етіп бөліп алса, осы ұрлықшылардың барлығын
жазайлайтын ба едің? Омар (р.а.): «Иә, барлығын жа-
залар едім», – деп жауап береді. Сонда хазірет Али
(р.а.): «Олай болса, бұл мәселе де осы секілді» дейді.
Соңында хазірет Омар (р.а.) осы көзқарасты құп көріп,
Сана қаласының әкімі Яғла ибн Умайяға: «Екеуіне де
өлім жазасын бер. Егер бұл қылмысқа бүкіл Сана
қаласының тұрғындары қатысқан болса, барлығы осы-
лайша жазаланар еді» дейді.
Бұл хадисте хазірет Али (р.а.) топтасып адам
өлтіру қылмысын топтасып ұрлыққа бару қылмысымен
салыстырған. Хазірет Омар (р.а.) және басқа да сахаба-
лар Алидің (р.а.) қиясын (салыстыру тәсілін) қабылдап,
Құран, хадис және ижмада табылмаған мәселелердің
шешімін осы қияс жолымен шешуді дұрыс санап,
шариғи үкімге айналдырып, оның дұрыстығына ешкім
күмән келтірмеген еді.
Бұл
жоғарыда
айтылған
хадистерден
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
және сахабалардың
Құран мен сүннеттен және ижмадан табылмаған
мәселеге қатысты өз көзқарасымен амал етіп, ижтихад