185
Әбу Ханифаның фиқһ іліміндегі орны
ибн Сәләмә, Жағфар әс-Садық бас сұқты. Келген бойда
Әбу Ханифаға «Естуімізше, сен дінде қиясқа жиі
жүгінетін көрінесің. Сенің жағдайыңа алаңдаймыз.
Өйткені, ең алғаш қияс жасаушы – Ібіліс» дейді.
Өзінің көзқарасын дәлелдеу үшін Әбу Ханифа
жұма күні таң атқаннан түс мезгіліне дейін олармен
пікірталастырады. Соңында «Мен ең әуелі Аллаһтың
кітабымен, сосын Пайғамбарымыздың сүннетімен амал
етемін. Сосын әуелі сахабалардың келіспегендерінен
бұрын бірауыздан келіскен тоқтамдарына үңілемін.
Содан кейін барып қана қияс жасаймын» деді. Оның
жауабына көңілдері толған әлгі ғалымдар оның қолын
сүйіп, құрмет көрсетіп «Ғұламалардың төресісің»
339
деп, ілімділігін мойындаған екен.
Осы мәселеге қатысты Әбу Ханифаның ғибратты
ғұмыры жазылған манақыб кітаптарында мы-
надай қызықты оқиға кездеседі. Әбу Ханифа
Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
немересі –
Мұхаммед Бакирмен алғашқы рет Мәдина қаласында
жолыққанда, Мұхаммед Бакир:
– Сен Аллаһ елшісінің
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
дінін,
хадистерін қиястан төмен санайды екенсің, солай ма?
– деп сұрайды. Әбу Ханифа :
– Құдай сақтасын, бұлай болуы мүмкін емес? –
дейді. Сонда Мұхаммед Бакир:
– Мүмкін өзгерткен шығарсың?
– Мұндай жаладан Аллаһқа сыйынамын. Сіз
өзіңіздің деңгейіңізге лайық орынға отырыңыз, мен
де өз орныма отырайын. Шын мәнінде, мен сізді са-
хабалар өз арасында атаңызды (Пайғамбарымызды
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
қалай құрметтеп сыйлағанындай
339
Шағрани,
Мизан
, 1-т., 53-б.