Previous Page  184 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 184 / 400 Next Page
Page Background

184

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

кейін де оның атақ-абыройын көре алмағандар жала

жапқандарын қоймады. Негізінде, Әбу Ханифа

пайда болған мәселенің шешімі табылуына ықпал

ететін хадис кездессе, ешқашан оны былай ысырып,

қиясқа себепсіз жүгінбеген. Бұл жайында: «Біздің

қиясты настан (Құран, хадис және ижма) артық

санағандығымызды айтушылар бізге жала жабуда. Егер

наста мәселенің жауабы табылса, қиясқа жүгініп неміз

бар?»

336

– деп, өзінің ұстанымын ашық айтқан. Тіпті,

Имам Ағзам қиясты басқа амал қалмаған жағдайда

ғана қолданатындығын тілге тиек етіп: «Біз аса зәру

болғанда ғана қияс жасаймыз. Алдымен біз пайда

болған мәселенің шешімін Құраннан, сүннеттен немесе

сахабалардың пәтуаларынан іздейміз. Егер бұлардан

дәлел таба алмасақ, наста болған мәселемен салыстыра

отырып, қияс жасаймыз»

337

деген.

Ибн Аууам Әбу Юсуфтың былай дегенін жеткізеді:

«Әбу Ханифа пайда болған қандай да бір ахуал жа-

йында сұралғанда: «Сізде бұл мәселеге қатысты қандай

хадистер бар?» деп алдымен сүннетке ден қоятын.

Сонда біз білгенімізді айтатынбыз, Әбу Ханифа да өз

білгенін айтып, екі көзқарастың қайсысының дәлелі

басым түссе, соған тоқтайтын. Ал егер екі көзқарастың

дәлелдері тең түссе, жағдайға қарай біреуінің

көзқарасын таңдайтын»

338

.

Әбу Мұтғи әл-Бәлхий былай баяндайды: «Куфа

мешітінде Әбу Ханифаның қасында отырған едім.

Ішке Суфиян әс-Сәури, Муқатил ибн Хаиян, Хаммад

336

Имам Шағрани,

Мизанул-Кубра

, «Дарул-фикр» баспасы, Бей-

рут, 19951 т. 15 б.

337

Имам Шағрани, 1-т., 15-б.

338

З. әл-Кәусәри,

Танибул-Хатиб,

86-б.