Previous Page  187 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 187 / 400 Next Page
Page Background

187

Әбу Ханифаның фиқһ іліміндегі орны

дінін өзгертуден аулақпын. Дінде мұндай өзгеріске жол

беруден Аллаһ бізді сақтасын! – дейді.

Осыдан кейін Мұхаммед Бакир орнынан тұрып,

Әбу Ханифаны құшақтап, маңдайынан сүйді

340

. Осы

әңгімеден байқағанымыздай, Әбу Ханифа «нас» (Құран

мен хадис және ижма) бар жерде қиясқа жүгінбейтіні

анық еді.

Хадисті қабылдау шарты қатаң болғандықтан,

көптеген хадистерді сахих санамағандықтан, (Құран

мен хадистің жалпы үкіміне қарай) қияс пен райды жиі

қолданды. Аллаһтың Әбу Ханифаға берген қабілеті

мен зеректігінің арқасында ол секілді ешкім қиясты

көп қолдана алмады. Осылайша, Әбу Ханифа бір

жағынан хадисті қабылдауда сақтық танытумен өзге

хадисшілерден ерекшеленсе, екінші жағынан, қиясты

«там-тұмдап» қолданатын фиқшылардан оқ бойы озық

шығуымен ерекшеленетін.

Ибн Абдулбәррдің кітабында Имам Мұхаммедтің

былай дегені риуаят етілген: Білім төрт түрлі болады:

1. Аллаһтың кітабында болғаны және ұқсасы;

2. Пайғамбарымыздың

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

хадисінде

болғандар және ұқсасы;

3. Сахабалардың бірауыздан келіскен пәтуасы

және осыған ұқсасы;

4. Сахабалар әлдебір мәселеге түрлі көзқарас

білдірсе, фиқһ ғалымдары да осылардың біреуінің

көзқарасын алып, туындаған мәселелерді соған са-

лыстыра отырып шығарған пәтуасы

341

. Имам Сарахси

осынау төрт білім жүйесінің төрт сатыдан тұратынын

айта келіп, төртіншісі туралы «Мұсылмандардың дұрыс

340

Мекки,

Манақиб

, 1-т.,168-б.; Хайсами,

Хайратул-хисан,

177-б.

341

Ибн Абдулбәрр,

Жамиул баянил илм,

2-т.,36-б.