191
Әбу Ханифаның фиқһ іліміндегі орны
келген жағдайды жан-жақты талқылай алуымен ерек-
шеленген ғалым еді
346
.
6. Истихсан
Истихсан сөзінің тілдік мағынасы пайда болған
мәселенің үкімін жөн көріп, дұрыс деп білуге саяды.
«Зумәр» сүресіндегі ُ
فَبَشِّرْ عِبَادِ الّذِينَ يَسْتَمِعُونَ الْقَوْلَ فَيَتّبِعُونَ أَحْسَنَه
«Сөзге құлақ салып, ең жақсысына ілесетін
құлдарымды қуант!»
347
, – деген аяттағы «ең жақсысына»
деген сөз истихсан сөзінің «ахсан» деген түбірінен
шыққан. Олай болса, «истихсан» дегеніміз ең жақсысы
деген мағынаға саяды.
Ал истихсан сөзінің фиқһтағы терминдік
мағынасына келер болсақ, ол мүжтәхидтің қандай
да бір мәселеге қатысты, осыған ұқсас екінші бір
мәселеге үкім берерде Құран, хадис, ижма, зәрулік,
жасырын қияс, әдет-ғұрып секілді дәлелдерге сүйеніп,
алғашқы үкімді тастап, одан күштірек екінші бір
үкімді алуын айтады
348
. Мысалы, әлдебір діни мәселе
жалпылықты білдіретін аят-хадистердің бірінің немесе
фиқһта, яки, кейбір мәзһабтарда қалыптасқан негізгі
қағиданың аясына кіреді. Бірақ, осы мәселеге қатысты
жалпылама мән-мағынаны қамтитын насс пен өздері
бекіткен негізгі қағидаға қайшы үкім беруді қажет
еткен насс, ижма, зәрулік, әдет-ғұрып, маслахат (елдің
игілігі) сияқты дәлелдер табылған жағдайда мүжтәхид
ғалымның осы секілді мәселелерде әрдайым шешуші
346
М. әс-Сибаи,
әс-Сунна,
470-б.
347
«Зүмәр» сүресі, 17-18-аят
348
З. Шағбан, 181-б.