Previous Page  192 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 192 / 400 Next Page
Page Background

192

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

күші басым үкімінен бас тартып, жекелеген жағдайға

қарай үкім беруі осы истихсанға жатады

349

.

Хижра жыл санауы бойынша ІІ ғасырдан бастап,

истихсан мұсылман құқығында арнайы әдіс ретінде

қолданыла бастаған болатын. Зерттеушілердің көбісі

фиқһта ең алғаш осы истихсан терминін Әбу Ханифа

қолданғандығын айтады

350

.

Истихсан терминін сол кезеңде Әбу Ханифадан

басқа да ғалымдар қолданған. Мысалы, Омар ибн Аб-

дулазиз кезеңінде (99-101/717-720) Басраның қазылық

лауазымын атқарған Иас ибн Мұғауия (һижри 122/740

ж. қайтыс болған): «Өнегелі халықтың мәселесін

қияспен шешіңдер, ал бұзылған халықтың мәселесін

истихсанмен»

351

, деген екен. Муаффақ ибн Ахмад әл-

Мекки Иастың бұл сөзін: «Қиястың нәтижесі дұрыс

шешім болмаса, екі көзқарастың ең дұрысын салы-

стыра отырып таңдаңдар (истихсан жасаңдар), осы

таңдалғанымен амал қылыңдар» деп түсіндірген. Яғни,

истихсанмен амал қылуды дұрыс деп санаған. Иас ибн

Мұғауия «Сотта берілетін үкім, истихсан тәсілімен

шығарылғаны дұрыс»

352

деп, истихсан терминін

фиқһтағы Әбу Ханифаның қолданған тәсілімен тығыз

349

Х. Дөндүрен,

Делиллерииле Ислам илмихали,

«Әркам» баспасы,

Стамбул, 1991, 34-б.

350

А. Баккал,

«Ебу Ханифенин истихсан анлайышы»

, Имамы

Ағзам Ебу Ханифе ве дүшүнже системи, 16-19 Еким, 2003,

семпозиум материалдары, Куран араштырмалары уакфы,

Бурса, 2005, 1-т., 273-б.

351

Әбу Бакр Ахмад ибн Али ар-Рази;

Ал-фусул фил-усул,

Кувейт

1994, 4-т. 229-б.

352

Жассас, әл-Фусулъ, 4-т., 229-беттен А. Баккал, Ебу Ханифенин

истихсан анлайышы, 274-б.