196
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
– Ал егер біреу байқамай осы сумен дәрет алып,
намаз оқыса ше?
– Намазы жарамды, қайта оқу қажет емес дер
едім.
– Еті жеуге келмейтін жануарлар мен еті жеуге
жарамсыз құстардың арасында қандай айырмашылық
бар?
– Қиясқа
салсақ,
екеуінің
бір-бірінен
айырмашылығы жоқ. Бірақ, бұл мәселеде мен истих-
санды ұстандым. Байқаған болсаң, тауықтың сілекей
сөлі араласқан суды макруһ десек, сол сумен дәрет
алып, намаз оқыған адамның намазын қайта өтеуі
қажет демейміз.
ә) Сүннет, ижма және зәрулік истихсаны.
1. Сүннетпен истихсан
Әбу Ханифа хадиске сүйене отырып, қиясты алмау-
ды истихсан деп санаған. Бұл қағиданы төмендегідей
мысалмен түсіндірсек болады.
Қиясты алмай, сүннетті дұрыс санауы: Егер
ораза тұтқан адам ауыз бекіткенін ұмытып, ішіп-жеп
қойса, оразасы бұзылмайды. Ал қиясқа (салысты-
ру тәсіліне) салса не нәрсе болсын, қандай жағдайда
болсын, егер ораза тұтқан адам байқамай ауыз ашып
қойса, оразасы бұзылады. Бірақ, қияс қағидасына
сай келмейтін хадис бар. Пайғамбармыз
(саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм)
:
«Кімде-кім ораза ұстағанын ұмытып, ішіп-
жеп қойса, өзінің ауыз бекіткені есіне түскен сәтте
оразасын жалғастырсын, себебі, оны сусындандырып,
тамақтандырған Аллаһ тағала»
357
деген. Бұл хадис
қиястан басым түсіп қиясты алмай, истихсан жасаған.
357
Бұхари, Саум, 26; Мүслім, Сиям, 171