Previous Page  198 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 198 / 400 Next Page
Page Background

198

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

нақты хадис кездесетін мәселелерде қиясты тастап,

хадистерді алғанын көптеген үкімдерінен байқауға

болады»

360

. Олай болса, ол нақты хадистерді ескерусіз

қалдырмаған, ал кейбір хадистер бойынша амал етпесе,

оның жалпы ұстанымына (Құран, одан да нақтырақ

хадиске қайшы келгендіктен) байланысты. Ал мұндай

тәсіл – тек Әбу Ханифаға ғана емес, барлық мұсылман

мүжтәхид ғалымдарына ортақ.

2. Ижмаға сүйенген истихсан

Бұл жердегі ижманың мағынасы тек мүжтәхид

ғалымдардың ғана емес, жалпы халықтың белгілі бір

істе ауызбіршілік танытып, бірігуіне қатысты айтыла-

ды.

Бұған мына мысалды келтіруге болады: Истис-

наь

)الإستصناع(

– қандайда бір затты жасауға тапсырыс

беру дегенді білдіреді. Яғни, адамның құны белгілі бір

затты жасату үшін ұстаға алдын-ала тапсырыс беріп,

келісім шарт жасауы. Шариғатта қолда жоқ нәрсені

сатуға тыйым салынуға байланысты саудада бұлайша

келісімге келу дұрыс саналмайды. Өйткені, тапсыры-

сты ұста келісім-шарттан кейін ғана жасауда.

Кезінде былайғы жұрт шариғаттың талабына

жүрдім-бардым қарап, «Истисна» саудасының көрігін

қыздырғандықтан, ғұламалар бір ауыздан ижма жасап,

сауданың осынау түріне рұқсатын берген. Сонымен

қатар бұл қазіргі таңда өндіріс орындарына тапсырыс

беріп, келісім-шарт жасауда да көрініс табады.

Әбу Ханифа бұл жайында: «Истиснаъ сауда-

сы қиясқа қайшы болса да, истихсан жасау арқылы

360

Мекки,

Манақиб

, 1-т., 83-б.; Уәһби Сүлеймен Ғауижи,

Әбу

Ханифа ән-Нұғман,

Имамул-әиммәтил-фуқаһа, Дәрул-қалам,

Дамаск, 7-басылым, 1993, 231-233-б.