197
Әбу Ханифаның фиқһ іліміндегі орны
Осылайша, ораза тұтқан адам ұмытып ішіп-жеп қойса,
оразасы бұзылмайды.
Тағы бір мысал: Намазда жанындағы кісі
естілетіндей күлсе, мұны қияс тәсіліне салып
сараптасақ, дәрет бұзылмайды. Өйткені, дәрет дене-
ден қан шыққан, қалдық заттар бөлінген жағдайда
бұзылады. Адамның намаз үстінде күлуі егер дәретті
бұзатын болса, намаз оқып тұрған адам мен оқымай
тұрған адамның арасында ешқандай айырмашылық
болмауы тиіс деген ой өзінен-өзі туады. Яғни,
намаздағы күлкі дәретті бұзса, намаздан тыс уақытта
да дәретті бұзуы керек еді. Бірақ, намаздан тыс уақытта
дауыстап күлу дәретті бұзбайды (сондықтан, намазда
да дәретті бұзбауы керек) бұл қиястың үкімі. Алайда,
Әбу Ханифа және шәкірттері:
«Кімде кім дауыстап
күлген болса дәреті мен намазын жаңаласын»
358
деген
хадиске сүйене отырып, қиясты тастап, истихсан-
ды таңдаған
359
. Осылайша, намазда дауыстап күлудің
дәретті бұзатындығы жайлы үкім берілген.
Олай болса, Имам Ағзам ешуақытта өзінің қиясын
сахих хадистерден жоғары санамаған. Әбу Ханифаның
сахих хадистерге сүйеніп, қиясты алмағандығы жайлы
сол кезеңде Иракта хадис пен фиқһ саласында та-
нымал ғалым Яхия ибн Адамның (қ. ж. һ. 203/818)
мына бір сөзін келтіре кеткен жөн: «Кейбіреулер «Әбу
Ханифа хадисті тастап, қияспен шешім қабылдаған»
деп имамды негізсіз сынайды. Бұл оған ашық жала
жауып, әділетсіздікке жол бергендік. Өйткені, Әбу
Ханифа мен оның шәкірттерінің кітаптарында
358
Әбул Муаияд Мұхаммед ибн Харезми,
Жамиул Масанидил
Имам,
Бейрут, 1-т, 247-б.
359
Әш-Шайбани,
әл-Хужаж,
1-т., 392-б.