199
Әбу Ханифаның фиқһ іліміндегі орны
рұқсат беріледі» деген. Яғни, қиясқа қайшы дегенде
саудадағы сұраныс пен ұсыныстың бір мезгілде сәйкес
келмейтінін меңзеген еді. Ал истихсан бойынша
рұқсат етіледі дегенде жалпы қағидадан бас тартып,
ғұламалардың ижмасына сүйенген еді.
3. Зәрулік истихсаны:
Зәру, қат жағдайларға бай-
ланысты негізгі ережелерден бас тарту. Мысалы,
зәру жағдайда өлексенің немесе Аллаһ харам еткен
жануардың етін жеуге рұқсат етіледі. Әйтпесе, адам
аштықтан өліп кетуі мүмкін. Емделмеген жағдайда
сырқат адамның ауруы асқынып кетсе, емдеу
мақсатында оның әурет мүшесіне қарауға рұқсат
етіледі.
Ластанған құдық пен әуізді тазалауға қатысты
мәселенің үкімі де осындай. Құдықтағы ластанған
суды толығымен немесе жартылай залалсыздандырған
күннің өзінде толық тазарғанына көз жеткізу қиын. Егер
құдықтағы суды залалсыздандыру мақсатымен жарты
құдық суды сыртқа шығарып тастадық делік, бәрібір
қалған су кейін құдық түбінен көтерілетін сумен ара-
ласып, оны ластайды. Құдықтағы суды сыртқа толық
шығарған күннің өзінде, құдықтың түбінен көтерілген
су құдық түбі мен шегенінде, суды тартқан шелекте
қалып қойған көзге көрінбейтін лас қалдықтармен
араласпай тұрмайды. Басқа су көзі болмағандықтан,
жергілікті халық осы құдықтың суын ластанса да
ішуге мәжбүр. Осыны ескерген фиқһ ғалымдары
тазалыққа байланысты шариғи ережелерден бас тар-
тады. Яғни, судың белгілі бір мөлшерін шығару
арқылы құдық суын таза деп табады. Сондықтан, бұл
мәселеде қиясқа жүгінуді қажет деп таппайды да, ис-
тихсан тәсілін қолданып, құдықтағы судың белгілі