202
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
шынайы рухын ұғуға тырысып, ақиқатқа қол жеткізуге
талпынғандықтары байқалады
367
. Жалпы, истихсан
шариғатта барлық мүжтәхид ғалымдары бірауыздан
мойындаған – Құран, хадис, ижма және қияс секілді
негізгі (аслий) дәлелдердің санатынан емес, үкімге қол
жеткізу үшін жасалған өзінше бір әдіснама екенін де
айта кеткен жөн
368
.
7. Әдет - ғұрып
Әдет-ғұрып (салт-дәстүр) – қандай да бір елдің
немесе ұлттың арасында көпшіліктің қолдауына ие
болып, қолданысқа енген, белгілі бір қимыл-әрекеттен
тұратын және сол халықтың өмір сүру салтынан хабар-
дар ететін әдеттер жиынтығы
369
.
Әдет-ғұрып – Құран, сүннет және сахабалардың
пәтуаларында кездеспейтін қандай да бір қалыптасқан
жағдайдан шығудың жолы табылмаған кезде ғұрып
дәлелге саналады. Өз кезегінде ғұрып – «дұрыс»
және «бұрыс» болып, екіге бөлінеді. Дұрыс ғұрыпқа
– шариғатқа қайшы келмейтіндер, ал бұрыс ғұрыпқа
– діни негіздерге томпақ келетін ғұрыптар жатады.
Сондықтан, әдет-ғұрып Құран, сүннет, ижма және
сахабалардың амалдарына теріс келмеуі шарт. Әбу
Ханифа үкім берерде адамдардың салт-дәстүрі
шариғатқа қайшы келмесе оны дәлел ретінде санаған.
Мысалы, сауда-саттықта сатушы – «саттым,
ал тұтынушы – «алдым» деп айтуы шарт. Алайда,
367
А. Бардакоглы, Ислам ансиклопедиси, 16-т., 17-б.
368
З. Шағбан, 45-47-б; Х. Дөндүрен,
Делиллерииле Ислам
илмихали,
«Әркам» баспасы, Стамбул, 1991, 33-б.; А. Баккал,
Ебу Ханифенин истихсан анлайышы,
303-б;
369
З. Шағбан, 195-б.