208
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
сол өнімдерден табылған ақау сәнге айналып, заман
талабына қарай өзгеше мән иеленіп, басқаша сипат
алып, қайта құны аспандап кеткен жағдайда ол тауар
сатушыға қайтарылмайды».
Ханафи ғалымдарының осыған қатысты өзгеріске
ұшыраған пәтуаларынан бір ғана мысал келтіре кетейік.
Баяғыда үй сатып алу үшін оның сыртқы көрінісі мен
кейбір бөлмелерін ғана аралап көру жеткілікті бола-
тын. Өйткені, қай үйге бас сұқпа бір-бірінен бәлендей
әкетіп бара жатқан айырмашылығы болмайтын. Бірақ,
уақыт өте келе, заманына қарай үй құрылысының
салыну үлгісі әркімнің талғамына қарай өзгеріске
ұшырағандықтан, ханафи ғалымдары үй таңдаған кезде
барлық бөлмелерін аралап көруді шарт етіп қойған.
Алдында да айтып өткеніміздей, әдеттерге сүйенген
дәлелдер өзгереді. Ал шариғат белгілеген нақты үкімдер
өзгермейді. Заман талабына қарай жасалған өзгерістер
шариғаттың үкіміне өзгеріс енгізу дегенге саймай-
ды. Өйткені, кесімді үкім бар, бірақ, оның шарттары
нақты болмағандықтан, үкім әр түрлі жолмен орында-
лады. Яғни, әдеттің өзгеруі нені білдіреді? Бұл басқа
бір үкімнің орындалуын қажет еткен бұрын-соңды
кездеспеген жағдайдың орнағанын білдіреді. Яки,
асли (негізгі) үкім өзгеріссіз (жоғарыдағы мысалдағы
әділдік секілді) қалумен қатар оның (үкімнің) орында-
луы үшін белгілі бір шарттарды қажет етеді. Мәселен,
куәлардың әділ болуы шарт. Алғашқы кездері адам
әділдіктен ауытқымаса, соның өзі жеткілікті болатын.
Бірақ, уақыт өте келе өтірік айту, алдау-арбау секілді
жат әдеттердің етек алуы әділдігін дәлелдеуді қажет
етті. Яғни, үкімдердің түрлі жолмен іске асырылуын