Previous Page  209 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 209 / 400 Next Page
Page Background

209

Әбу Ханифаның фиқһ іліміндегі орны

осындай жағдайлармен байланыстырып түсіндіруге

болады

379

.

Құран мен сүннетке жіті назар аударғанда,

шариғаттың құқықтық нормалар бекітуде қоғамдық-

әлеуметтік ерекшеліктерді назарға алғандығы,

түбегейлі өзгерістерді бірден емес сатылай, бірте-бірте

өзгерту әдісін қолданғандығы, халықтың аят-хадиске

қайшы келмейтін дәстүрлерінің жалғасын тапқандығы

байқалады. Пайғамбарымыздың

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

осындай ұстанымдарын негізге алған фақиһтар кейбір

мәселелерге қатысты үкім берерде халықтың әдет-

ғұрпына мән берген

380

. Хижаз аймағынан тысқары

өңірлерде өмір сүретін мүлдем басқа мәдениет пен салт-

дәстүрі бар адамдар арасында пайда болған кәләмдық,

философиялық, саяси жағдайлардың ықпалымен

қалыптасқан Куфаның әлеуметтік қажеттіліктері,

туындаған жаңа мәселелер қалыптасқан құқықтық

тәжірибеде Құран мен хадистен бөлек сол қоғамның

әдет-ғұрпын ескеруді қажет етті

381

.

Мәдина тұрғындарының өмір сүру салты көбіне

сахабалардың Пайғамбарымыздан естіп-білген немесе

бір-біріне еліктеу арқылы қалыптасқан жүйеден

тұратын. Ал Мәдина қаласынан тыс жерде сан алуан

қоғамдық-мәдени проблемаларды шешуде іздеген жау-

аптарын Құран мен сүннеттен таппаған кезде ақылдың

көмегіне сүйеніп, үкім беру қажеттілігі туындады.

Ақылға сүйенгеннің өзі де Құран мен сүннеттен алыс

379

З. Шағбан, 200-б.

380

Илмихал, ТДУ, 1-т., 152-б.

381

Ф. Арабажы,

Ханефилигин олушумунда жоғрафи еткенлер,

Имамы Ағзам Ебу Ханифе ве дүшүнже системи, 16-19 Еким,

2003, семпозиум материалдары,, 1-т., 352-б.