213
Әбу Ханифаның фиқһ іліміндегі орны
Мәзһабтар арасындағы
айырмашылық себептері
Қазіргі таңда кейбір адамдар фиқһ мәзһабтары
арасындағы
айырмашылықтың
түп-тамырын
білмегендіктен немесе өзімбілемдікке салынып,
сыңаржақтық танытқандықтан «Бүгінгі таңда барлық
сахих хадистер қолымызда ғой, баяғыда ғалымдар ол
хадистерді көрмей қалған, егер көрсе, сонымен амал
етер еді, мәзһаб дегенді қойып, Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
жолымен жүру қажет» десе, енді
бір шектен шыққандар «Осы айырмашылықтардың
негізі хадистердің өзінен туындауда, сондықтан тек
қана Құранмен жүру керек» деп астамшылдыққа
бой алдыруда. Бұл айтылғандар ақылға сыйымды,
көңілге қонымды болып көрінгенімен, шын мәнінде,
тарихи шындық пен әр түрлі көзқарастардың түпкі
себебін білмеуден туындауда. Мұсылман ғалымдары
әр түрлі көзқарасты ұстанғанымен, «тек қана менікі
дұрыс» деп басқаларға өз пікірін күштеп таңбаған.
Пайғамбарымыздан
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
келіп жеткен
әрбір хадисті жөнді-жөнсіз жоққа шығармай, оларды
қалай түсіну керектігін жан-жақты талқылап, сүннетті
көзінің қарашығындай сақтауға тырысқан. Өйткені,
сүннетсіз Ислам дінін түсіну мүлдем мүмкін емес.
Негізінде, Ислам мәселелері «Муттафақун ‘алайһ»,
«Мухтәлафун фиһ» деп екіге бөлінеді. Біріншісі –
нақты, бұлтартпас дәлелдермен дәлелденген, барлық
Ислам ғұламаларының көзқарасы бір жерден шығатын
мәселелері. Мысалы, Аллаһтың даралығы, соңғы