Previous Page  212 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 212 / 400 Next Page
Page Background

212

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

сол мәселе талқыланып үкім шығарылса, ижтихад ету

– мәндуп, ал әдейі, біле-тұра аят-хадиске қайшы пәтуа

берілсе – харам»

385

делінген.

Ижтихад ету – Пайғамбарымыздың

(саллаллаһу аләйһи уә

сәлләм)

көзі тірісінде-ақ тәжірибеде қолданылған, саха-

балар кезеңінде жалғасын тапқан амал. Сахабалардың

білім деңгейлерінің түрлі болуына қарай діни насстар-

ды (аят-хадис) талдап түсінулерінің де әр қилы келуі

– табиғи құбылыс. Ал табиғиндар кезеңінде олардың

арасындағы айырмашылықтар уақыт талабы мен

қалыптасқан ахуалға байланысты көбеймесе, азайған

жоқ. Табиғиндардың соңы мен мүжтәхид имамдардың

кезеңінде ижтихад ету әдістеріне қатысты түрлі

көзқарастар белең алды. Ол кезде мәзһабтар толық

қалыптаса қоймаған-ды. Мүжтәхид имамдардың өзі

«Мен мәзһаб құрамын, ең дұрысы менің жолым» де-

меген, қайта Әбу Ханифаның айтқанындай, «Бұл

біздің ең дұрыс деп тапқанымыз, бізден де дұрыс

пікірлер шығып жатса, оларға да жол ашық» деп

қараған. Сондықтан, мүжтәхид ғалымдар бір-біріне

түсіністікпен қарап, келіспей қалған мәселеге қатысты

пікірлерін дәлелдерге сүйеніп айтып отырған. Тіпті,

Әбу Ханифаның шәкірттерінің өзінің ұстаздарымен

келіспеген кездері де көп еді. Бұл сол кездегі ой

еркіндігі мен өзара түсіністік, қазіргі тілмен айтсақ

толеранттылық үстемдік еткен кезең еді.

385

Ибн Әбдушшәкур,

Мусәлләмус-субут,

2-т., 363-беттен Х. Кара-

ман, Ислам хукукында ижтихад, 29-30-б.