Previous Page  215 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 215 / 400 Next Page
Page Background

215

Әбу Ханифаның фиқһ іліміндегі орны

1. Насстың (дәлелдің) нақтылығының

күмәнді болып-болмауы

Үкім шығарар кезде діни дәлелдер (аят-хадистер)

– барлық мүжтәхид ғалым үшін сүйенетін ең алғашқы

қайнар көз. Егер оның үкіміне қайшы келетін басқа

аят-хадис кездеспесе, яғни, үкімі нақты болса, оған

ешқандай мүжтәхид ғалым наразылық білдіре алмай-

ды. Міне, ғалымдарымыздың «Егер хадис сахих болса,

сол менің мәзһабым» деген сөздің түп-төркіні осында.

Алайда, кейбір адамдар бұдан мынадай қорытынды

шығаруда: «Егер қандай да бір хадис имамның біреуіне

жеткен болса, міндетті түрде соған сай үкім шығарып,

оның тікелей мағынасына қарай амал етуі керек.

Әйтпесе, хадисті жоққа шығарған болады». Бұлай ой-

лаушылар қандай да «бір хадистің бір имамға жетуі»

мен «ол хадистің қаншалықты дұрыс екенін» һәм

имамның өз көзқарасын қуаттайтын аталмыш хадиске

қайшы басқа бір хадистің болуын дұрыс пайымдай ал-

мауда. Имамдардың әрқайсысының аят-хадистерден

үкім шығаруда өздеріне тән әдіснамасы бар. Сол

арқылы олар хадистердің нақытылығын, қай хадистің

дәлелдік тұрғыдан күштірек екенін анықтайды.

Сондықтан да, мүжтәхид ғалымдардың бір-бірімен

кейбір көзқарастарда келіспегеніне қарап, одан траге-

дия жасаудың қажеті жоқ. Мәселен, хадисші Ибн Әбу

Зиб әл-Мәдини Мәлік ибн Әнәстың «Муатта» атты

хадис жинағында риуаят еткен «Алушы мен сатушы

саудаласып, өзара келісімге келмейінше, екі тараптың

да таңдау құқы сақталады» хадисіне амал етпегенін

айтып, қатты айыптайды. Алайда, имам Мәлік бұл

жердегі бір-бірінен ажырауды сөзбен (яғни, келісімге

келгенін білдірген соң) бір-бірінен ажырау деп