218
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
әлсіз болғанымен, бір-бірлерін қуаттап күшті дәлел
деңгейіне жеткен ғыйнә хадисін дәлелге алған.
Міне, осыайтылғандардыңбәріфиқһғалымдарының
арасындағы түрлі көзқарастардың астарында осындай
түрлі себептердің жатқанын айқын көрсетеді. Олардың
ешқайсысы біле тұра хадиске кереғар амал етпеген. Ал
кейбіреулер осы себептерді білмегендіктен, мүжтәхид
имамдарға қарсы ауыр сөздер айтқан. Алайда, бұл
мүлдем орынсыз. Өйткені, олардың әрқайсысы үкім
шығару үшін күш-жігерін салып, терең зерттеп-
зерделегендіктен, барлығы да ниеттеріне қарай сауапқа
ие болмақ.
2. Насстардан туындаған түрлі
көзқарастар
Араб тілінде қандай мағынада қолданылғаны анық
болумен қатар муштәрәк (омоним), мужмәл (мағынасы
тұйық, тек қана басқа сөздермен түсіндіргенде ғана
белгілі бір мәнге ие болатын, бірден түсіну қиын) т.б.
қасиетке ие сөздер кездесетіні әмбеге аян. Мәселен,
араб тіліндегі «Айн» сөзі көзді білдірумен қатар
«бұлақ, тыңшы» деген мағыналарда да қолданылады.
Егер діни наста мұндай сөздер қолданылса, түрлі
пікірлердің кездесуі – заңды құбылыс. Мына аяттағы
«куръ» сөзі секілді. Мысалы:
«Талақ болған әйелдер
үш «құръ» мерзім күтеді. Егер Аллаһқа және ақырет
күніне сенген болса, жатырларында Алаһтың
жаратқанын жасыруы дұрыс емес»
393
. Бұл жердегі
құръ араб тілінде етеккір жағдайындағы әйелге әрі
етеккірі тоқтап, тазарған әйелге бірдей қолданылады.
Міне, осы себепті, Куфалықтар бұл сөзді «етеккір»
393
«Бақара» сүресі, 228-аят