224
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
ә) «Мәфхуму мухалиф» бойынша амал етуге
қатысты көзқарастар
Фиқһ әдіснамасында «Қандай да бір сөз белгілі бір
үкімге негіз болатын бір шартпен шектелсе, оның негізгі
мағынасының (ол жайлы сөз қозғалмаған мәселенің)
керісінше мағынасын дәлелдеу» «Мәфхуму муха-
лиф» деп аталады. Амиди бұған қатысты «Айтылған
мәселеге қатысты бір сөздің білдерген мағынасы
айтылмаған жайтқа қарама-қарсы мағынаға дәлел
болуы» дейді. Яғни бір сөздің керісінше мағынаны
білдіруі десек болады. Мәселен, Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
бір хадисінде «Бай, дәулетті
адамның қарызын кешіктіруі қиянат» деген. Ал бұның
керісінше мағынасына үңілсек, «Шығынға батып,
зиянға ұшыраған адамның қарызды кешіктіруі қиянат
емес» деген қорытынды шығады. Көпшілік ғалымдар
белгілі бір шарттар негізінде ондай түсінікті дәлелге
санауға болады десе, ханафилер және кейбір ғалымдар
Құраннан үкім шығаруда ондай тәсілге жүгінуге
болмайтындығын айтқан. Мысалы, азат бір әйелге
үйленуге шамасы жететін мұсылманның мұсылман,
яки, кітап иесі (иудей, христиан) күң әйелге үйленіп-
үйленбеуіне қатысты ғалымдар арасында түрлі көзқарас
бар. Көпшілік «Азат әйелге үйленуге шамасы келмейтін
адамның мұндай күңге үйленуі Құрандағы
«Сендердің
араларыңда азат және мұсылман әйелдерге үйленуге
шамасы келмегендер, қолдарындағы мұсылман күң
әйелдерге үйленсін»
397
деген аяттың екінші мағынасы
бойынша рұқсат» деген.
Ханафилер өз қағидаларына сүйеніп, «Азат әйелге
үйленуге шамасы келген кісі де мұндай күңге үйлене
397
«Ниса» сүресі, 25