Previous Page  226 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 226 / 400 Next Page
Page Background

226

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

сүйене отырып, шарананы бөгде әйел емізер болса,

мейлі бір рет, мейлі ұдайы емізсін, айырмашылығы

жоқ, әйелдің балаға махрам (үйленуі харам, яғни, өзінің

анасы секілді) болатынын айтады. Бұған қосымша тағы

мына хадистерге де сүйенеді «Қан жағынан бір-біріне

харам болғандар, сүт ему тұрғысынан да харам»

403

,

«Ұқба ибн Харистен келіп жеткен хадисте, Үммү Яхия

бинт Әбу Ихабқа үйленеді. Артынша бір әйел келіп:

«мен сендердің екеуіңді де емізгенмін» дейді. Мұны

естіген Ұқба Пайғамбарымызға

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

жолығып, болған жағдайды айтады. Пайғамбарымыз

«Қалай болмақ? Ол (әйел) не дегенін естідіңдер

ғой» дейді. Ұқба ол әйелмен ажырасып, басқасымен

шаңырақ көтереді.

Осы және бұдан басқа да хадистерде емізу

ешқандай шекпен (санмен) шектелмейтіні жалпы

айтылған. Ал имам Шафиғи мен имам Ахмед өзінің

«Муснад» атты хадис жинағындағы Айша анамыз-

дан риуаят етілген хадиске сүйене отырып, бес мәрте

емізсе ғана үйленудің харам болатынын айтады. Тағы

бір хадисте «Сәхлә, Сәлімді бес рет емізді» деген деп

осы хадистерді дәлелге тартады. Міне, осы дәлелдерге

сүйеніп харам болу үшін жоқ дегенде бес рет емізу

қажет деп үкім шығарған.

г) Өзі жеткізген хадиске қайшы әрекет

еткен рауидің амалы жайлы

Мұсылман ғалымдары хадисті жеткізуші кісі өзі

жеткізген хадиске қайшы амал еткен жағдайда хадисті

ме әлде жеткізушінің амалын негізге алу қажет пе деген

мәселеде ханафилер амалын негізге алу қажет десе,

403

Бұл хадис Бұхари мен Муслимде риуаят етілген