225
Әбу Ханифаның фиқһ іліміндегі орны
алады» дейді және Әбу Ханифа бұған дәлел ретінде
басқа аяттарды (Ниса сүресі, 3 және 24 аяттар) да
келтіреді. Ал, Алуси өз тәпсірінде имам Шафиғидің
осы аятқа қатысты «Бір шартқа қатысты үкімнің
керісінше мағынасының ол шарт болмаған кезде
орындалуы» қағидасына орай «Азат әйелге үйленуге
шамасы келген адамның күң әйелге үйленуіне рұқсат
жоқ» деп айтқанын жеткізеді
398
.
б) Дәлелдер бір-біріне қайшы келген
жағдайда «Ғамм», яки, «Хасс» үкімге
сүйену қажеттігіне қатысты туындаған
көзқарастар
Көпшілік ғалымдар мұндай жағдайда «Ғамм»
үкімнің дәлелдігі нақтылықты білдірмейді десе, хана-
филер «ғаммның» дәлелдігі нақты деген
399
.
в) Мутлақ
400
пен муқаиядқа
401
қатысты
көзқарастар
Жумхур (көпшілік ғалымдар) фиқһ әдіснамасында
белгіленген кейбір шарттарға қатысты мутлақ үкімді
муқаяядқа негіздеуге болады десе, ханафилер «Мутлақ
үкімді муқаиядқа негіздеуге болмайды» деген. Осы
негіздегі айырмашылық фәрғи (тармақ) мәселелерде
түрлі көзқарастың туындауына жол ашты. Мысалы:
Имам Әбу Ханифа және кейбір ғалымдар кесімді
түрде
«..Сендерді емізген аналарың»
402
деген аятқа
398
Осы қағидаға қатысты көзқарастарды оқырманға түсінікті
болу үшін қысқаша ғана алдық. Кеңірек мәлімет үшін қараңыз,
Бәйнуни, 63-64-б.
399
Осы кітапты қараңыз: 162-163 беттер.
400
Мұтлақ – жалпы
401
Мұқаияд – шектеулі
402
«Ниса» сүресі, 23