222
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
Имам ат-Табари екі риуаятты біріктіріп, «Қалағаны
бір рукуғпен, қалағаны екі рукуғпен оқи алады» деп ой
түйген. Қады Ияд «Негізінін екі риуаятты біріктіру –
(екі хадистің бірін) таңдаудан бұрын жасалатын амал»
деген
395
.
2. Дәрет сындырған кезде құбылаға қарап
отырмауға қатыстымәселеде де ғалымдар түрлі көзқарас
ұстанған. Оның себебі де мына хадистерден туындаған.
Әбу Әйюб әл-Ансаридан риуаят етілген хадисте «Түзге
шыққанда, құбылаға жүздерің мен арқаларыңды
бермей, батыс немесе шығысқа қарап отырыңдар»
делінсе, Абдуллаһ ибн Омардан келіп жеткен хадисте
«Қарындасым Хафсаның үйіне барғанымда там артына
шығып едім. Пайғамбарымыздың дәрет сындырғанын
көрдім. Жүзі Шам жаққа, ту сырты құбылаға қараған
болатын» делінеді.
Ғалымдардың бір тобы екі хадистен «мәміле іздеп»,
бірінші хадистен ашық далада құбылаға қарап отырмау
керек, ал екініш хадистен жабық жерде бұл ережені
сақтамаса да болады деп үкім шығарған. Имам Мәлік,
Шафиғидің көзқарасы осындай. Сонымен қатар, Аббас,
Абдуллаһ ибн Омар, Сәбит пен Ысқақтың (бәрінен
Аллаһ разы болсын) да осы көзқарасты ұстанғаны
келіп жеткен.
Ал таңдау жолын дұрыс деп тапқан ғалымдар Әбу
Әйюбтың риуаят еткен хадисіне ден қойған. Біреуі
шариғи үкімді, ал екіншісі үкімсіздікті білдіріп,
қайсысы бұрын, қайсысы кейін айтылғандығы белгісіз
жағдайда нақты үкімді білдіретін хадис таңдалуы
қажет…Ал ғалымдардың басқа бір тобы екі хадис бір-
біріне қайшы келген кезде «негізге оралу» ұстанымына
395
Бидаятул-мүжтәхид,
1-т., 215-б.