219
Әбу Ханифаның фиқһ іліміндегі орны
деп алған. Бұл – өз кезегінде Омар, Али, Ибн Мәсғуд,
Әбу Мұса, Мужәхид, Қатада, Даххак, Икрима және
Суддидің (р. анһум) көзқарастары. Ал хижаздықтар
бұл сөзді «тазалық» деп түсінеді. Бұл – Айша анамыз,
Ибн Омар, Зәйд ибн Сәбит, Зухри, Әбан ибн Осман мен
Шафиғидің көзқарастары
394
.
394
Тәфсирул-Қуртуби, 3-т., 113-б. «Мысалы, «Маида» сүресінің
алтыншы аятында былай делінеді:
«Егер науқастанып
қалсаңдар, яки сапарда болсаңдар, не болмаса біреу
түзге отырып келсе, яки әйелдеріңе жанассаңдар
(жақындассаңдар), су таба алмасаңдар, таза жерге тәйәммүм
соғып, беттеріңді, қолдарыңды сипаңдар»
.
Ханафилар бұл аяттағыжанасумағынасын білдіретін «ләмс» сөзі
негізгі емес, астарлы мағынада қолданылған деп қабылдайды.
Аллаһ тағала құлдарына әдептілікті үйрету мақсатында
жыныстық қатынасты – жақындау, жанасу сөздерімен білдірген
деген тұжырымға келген. Сондықтан, ханафиларда ер кісінің
денесі әйел адамға жанасса, дәреті бұзылмайды. Ер кісінің
тәні әйел адамның тәніне жанасса, дәретінің бұзылмайтынына
Айша анамыздың риуаят еткен бір хадисін дәлел ретінде
алға тартады. Бұл хадисте әйеліне қолы, яки, басқа бір жері
жанасса, Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
дәретін
жаңаламастан намаз оқығаны айтылады .
АлШафиғидың ізін басып, ілімін қуғандар болса, аяттағыжанасу
мағынасынбілдіретін«ләмс»сөзініңастарлымағынадаемес,тура
мағынасында қолданылды деген көзқарасты таңдағандықтан, ер
кісінің әйеліне яки басқа әйелдерге қолы немесе кез-келген жері
киімсіз, жалаңаш жанасқан жағдайда, дәреті бұзылады (анасы,
қызы сияқты үйленуіне болмайтын адамдарға жанасса дәреті
бұзылмайды). Ханафилардың дәлел ретінде келтірген хадисіне
былай деп жауап береді: «Пайғамбарымыз әйеліне қолын, яки
денесінің басқа жері жанасқаннан кейін дәретін жаңаламаса,
әйелінің тәніне емес, киіміне жанасқан шығар».
Екі мәзһабтың да көзқарастары дәлелдерге сүйенгендіктен
екеуі де дұрыс». Құран аяттарын түсінуден туындаған түрлі
көзқарастар кеңірек мәлімет үшін қараңыз: М. Исаұлы, Қ.
Жолдыбайұлы,
Ислам ғылымхалы,
«Нұр-Мүбарак» баспасы,
Алматы, 2008, 24-26-б.