221
Әбу Ханифаның фиқһ іліміндегі орны
Ә. Бір-біріне қарама-қайшы хадистерді мәтініне
байланысты таңдау. Егер бір-біріне қайшы хадистердің
бірі қандай да бір мәселеге қатысты тыйым салуды
білдірсе, екіншісінде әмір түрінде келсе, әлбетте,
тыйым салушы хадис таңдалады. Яки, тура мағынасы
мен астарлы мағынасы өзара сәйкеспесе, тура
мағыналысы негізге алынады.
Б. Бір-біріне қарама-қайшы хадистің біреуі харам
қылушы, екіншісі мүбах (жасап-жасамау кісінің еркіне
қалдырылған) ететін ерекшелікке ие болса, онда харам
етуші хадис таңдалады.
В. Бір-біріне қарама-қайшы хадистерден бөлек
басқадай себепке қатысты таңдау. Осындай хадистерді
Құран, сүннет, ижма және осылардан бөлек басқа
дәлелдерге сай келгенін таңдау.
Осыған қатысты бір-екі мысал келтіре кетейік:
1. Ғалымдар кусуф (күннің тұтылуы) намазының
үкімі мен осы намазда қырағат мәселесіне қатысты
түрлі көзқарасты ұстанған. Имам Мәлік, Шафиғи,
Ахмед ибн Ханбәл мен хижаздықтардың көпшілігі
кусуф намазының екі ракат және әр ракатта екі рукуғ
жасалады десе, Әбу Ханиф мен куфалықтар бұл
намаздың жұма және айт намаздары секілді екі рәкат
екенін, яғни, бір рукуғ және екі сәжде жасау арқылы
өтелетін намаз екенін алға тартқан. Бұның себебі,
осы намазға қатысты әр түрлі риуаяттардың келуінде
жатыр. Бірінші топтағылар Айша анамыздан (р.а.)
риуаят етілген әр ракатта екі рукуғқа барғандығына
қатысты хадисті таңдаса, Әбу Ханифа Әбу Бәкірден
келіп жеткен және өзге де сахабалар риуаят еткен
«Пайғамбарымыз кусуф намазын айт намазы секілді
екі ракат етіп оқыды» деген хадисті таңдаған. Ал,