217
Әбу Ханифаның фиқһ іліміндегі орны
куәгер болуына рұқсат берсе, шәкірті имам Мұхаммед
ондай кісілердің сөздерін дәлелге санамаған. Өйткені,
оның кезеңінде адамдардың арасында пасықтық
(жамандық, өтірік айту) кең етек алған-ды
ә) Хадисті жеткізген кісінің өзі жеткізген
хадисті қабылдамауы
Әбу Ханифа мен Әбу Юсуф мұндай хадистер-
мен амал етілмейді десе, имам Шафиғи мен имам
Мұхаммед амал етуге болады деп шешкен. Мысалы,
«Сүлеймен ибн Мұса Зухриден, ол Ұруадан, ол Айша
анамыздан (р.а.) Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм)
«Әйел ата-анасының рұқсатынсыз тұрмысқа
шықса, некесі қиылған болып саналмайды»
390
деген
хадисін жеткізді. Бір кездері Ибн Жүрәйж осы хадисті
жеткізген имам Зухриден осы хадис жайлы сұраған
кезде ол білмейтіндігін айтты. Имам Мұхаммед пен
имам Шафиғи хадисті жеткізуші кісінің өзі ол хадисті
ұмытқанына қарамастан, оны дәлелге санаса, Әбу
Юсуф пен Әбу Ханифа оны дәлел деп танымаған
391
.
б) Ғалымдардың Ғыйнә
392
хадисімен
амал етіп-етпеуге қатысты екі түрлі
көзқарасты ұстануы.
Имам Шафиғи бұл хадистің қалай келіп жеткенін
зерттей келе, оның әлсіз екеніне көз жеткізіп, дәлелге
санамаған. Ал көпшілік ғалымдар (жумхур) хадистер
390
Бұл хадис имам Нәсәиден басқа төрт хадис кітабында риуаят
етілген. Қараңыз:
Субулус-сәләм,
3-т., 154-б.
391
Усулус-Сарахси,
2-т., 3-б.
392
Ғыйнә – қандай да бір затты алушыға несиеге беріп, оған табыс
еткеннен кейін, дәл сол затты сатқан бағасынан арзан бағамен
қайта сатып алу. (Қараңыз: Әбу Дәуіт,
Сунән,
4-т., 356-357)